Волонтерлік – жауапты азаматтық пен тұрақты дамудың негізіFarabi University

Волонтерлік – жауапты азаматтық пен тұрақты дамудың негізі

31 қаңтар, 2026

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев студенттердің волонтерлік қызметке қатысуы – бұл ел болашағына салынған ең маңызды инвестиция екенін атап өтті. Бұл бастама БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ) тікелей үндеседі:

  • Сапалы білім (ТДМ 4): Студенттердің ауыл мектептерінде репетиторлық етуі білім берудегі теңсіздікті азайтып, баршаға ортақ сапалы білімге жол ашады.

  • Лайықты жұмыс және экономикалық өсу (ТДМ 8): Еріктілік арқылы жинақталған тәжірибе студенттердің кәсіби дағдыларын (soft skills) дамытып, олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

  • Теңсіздікті азайту (ТДМ 10): Әлеуметтік көмек көрсету арқылы студенттер қоғамдағы инклюзивтілікті нығайтып, азаматтық жауапкершіліктің үлгісін көрсетеді.