Халықаралық қатынастар факультетінде жаңа подкаст: «Байланыста ФМО» жобасының алғашқы эпизоды жарық көрдіFarabi University
Референдум 15 марта

Халықаралық қатынастар факультетінде жаңа подкаст: «Байланыста ФМО» жобасының алғашқы эпизоды жарық көрді

23 ақпан, 2026

Халықаралық қатынастар факультетінің және «Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика» кафедрасының басшылығының қолдауымен, сондай-ақ «Талейран» дипломатиялық клубының қатысуымен «Байланыста ФМО» атты жаңа подкаст жобасының алғашқы шығарылымы жарық көрді.

Эпизодтың қонағы – факультеттің 3-курс докторанты Фарангис Қыдырбек.
🔗 Сілтеме: https://youtu.be/k15qNV1ZA6Y?si=o7Skx_9bAUv2KdZb

Сұхбат барысында Фарангис Қазақстандағы докторантура жүйесі, факультеттегі академиялық орта, Қытай және Орталық Азия мемлекеттері арасындағы өзара байланыстар туралы пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар ол Қытай мен Орталық Азия қарым-қатынасына арналған жыл сайынғы ғылыми жинақтың тұсаукесері туралы айтып, болашақ жоспарлары жөнінде баяндады.

Подкаст жүргізушісі – Меруерт Шакирова.
Канал атауы: Meruyert Shakirova
Видео атауы: Фарангис Қыдырбек: Докторантура | Қытай және Орталық Азия