2026 жылғы 23 ақпанда педагогикалық практика аясында «8D10102 – Медицина» білім беру бағдарламасы бойынша ағылшын тобының докторанты Moses Alhassan «Омикалық технологиялар» пәні бойынша ашық сабақ өткізді (пән оқытушысы және кураторы – Балмуханова А.М.). Сабақ 7М10104 – «Медицина» (дәрігер-зерттеуші) білім беру бағдарламасының 1-курс магистранттарына, сондай-ақ «Медицина» мамандығының ағылшын бөлімінің 3-курс студенттеріне арналды.
Дәріс жоғары деңгейде өтті: материал түсінікті әрі құрылымды түрде ұсынылды, кейін білімді бекіту мақсатында шағын топтарда практикалық кейстерді талдау ұйымдастырылды. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар сабақтың дайындалу және өткізілу деңгейін жоғары бағалады.