«Әйелдің отбасы мен қоғамдағы рөлі»Farabi University

«Әйелдің отбасы мен қоғамдағы рөлі»

6 наурыз, 2026

5-ші наурыз күні "Ішкі медицина" кафедрасының мұғалімі м.ғ.д., доцент Ақанова К.К. «Әйелдің отбасы мен қоғамдағы рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Бұл дөңгелек үстел  БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарынның 5-ші мақсаты– "Гендерлік теңдік" аясында жүзеге асырылды.
Іс-шара барысында әйелдің отбасы мен қоғамдағы маңызы, гендерлік теңдіктің қазіргі қоғамдағы рөлі және әйелдердің әлеуметтік өмірдегі белсенділігі туралы пікір алмасу өтті. Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, тақырып аясында өзекті мәселелер талқыланды.

Кездесу ашық пікірталас форматында өтіп, қатысушылар үшін пайдалы әрі мазмұнды болды.