«Smart Money» студенттерге арналған қаржылық тренингFarabi University

«Smart Money» студенттерге арналған қаржылық тренинг

18 наурыз, 2026

18.03.2026 ж Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Экономика және бизнес жоғарғы мектебі, «Бизнес технологиялары» кафедрасының оқытушылары Маулина Нұргүл Хасанқызы, Адилова Наздана Джеймс Уатқызының жетекшілігімен «Smart Money» студенттерге арналған қаржылық тренинг өткізілді.

Қазіргі қарқынды өзгеріп жатқан заманда қаржылық сауаттылық – әрбір жастың табысты болашағын айқындайтын негізгі дағдылардың біріне айналды. Осыған орай, іс-шараның екінші бөлігі «Қаржылық сауаттылық» тақырыбына арналып, студенттер үшін ерекше маңызға ие танымдық алаң болды. Бұл бөлімнің басты мақсаты – жастардың қаржыға деген көзқарасын жаңаша қалыптастырып, саналы әрі жауапты қаржылық шешім қабылдау мәдениетін дамыту.

Шара барысында ұсынылған бейнероликтер мен түсіндірмелер арқылы қатысушылар табысты дұрыс жоспарлау, шығындарды тиімді басқару, қаржылық тәуекелдерден сақтану сияқты маңызды аспектілермен танысты. Қарапайым мысалдар арқылы күрделі қаржылық ұғымдар түсінікті тілде жеткізіліп, олардың әр студенттің өміріне тікелей қатысты екені айқын көрсетілді.

Талқылау кезеңі ерекше белсенді өтті: студенттер өз тәжірибелерімен бөлісіп, қаржылық тәртіптің күнделікті өмірдегі маңызы туралы пікір алмасты. Бұл өз кезегінде жастардың тек теориямен шектелмей, нақты әрекетке көшуіне серпін берді.

 

Аталған бөлім қазіргі қоғамда қаржылық сауаттылықтың маңыздылығын айқындап қана қоймай, студенттердің болашақтағы экономикалық тұрақтылығына негіз болатын маңызды қадамға айналды. Саналы қаржы басқару – табысты өмірдің кепілі екені тағы бір мәрте дәлелденді.