- Басты бет
- Жаңалықтар
- “ГиМУ” 1 курс студенттері эдвайзер Асел Асылбекқызымен бірге “Samal water” зауытына танымдық экскурсияға барып қайтты.
“ГиМУ” 1 курс студенттері эдвайзер Асел Асылбекқызымен бірге “Samal water” зауытына танымдық экскурсияға барып қайтты.
27 наурыз, 2026
27.03.2026 ж. “ГиМУ” 1 курс студенттері эдвайзер Асел Асылбекқызымен бірге “Samal water” зауытына танымдық экскурсияға барып қайтты. Бұл сапар студенттер үшін өте пайдалы әрі әсерлі болды.
Экскурсия барысында студенттер өндіріс үдерісімен жақын танысып, суды тазарту, өңдеу және қаптау кезеңдерінің қалай жүзеге асатынын өз көздерімен көрді. Зауыт мамандары әр кезеңді түсіндіріп, заманауи технологиялардың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, сапаны бақылау жүйесі мен санитарлық талаптардың қатаң сақталатыны ерекше назар аудартты.
Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сала туралы құнды мәліметтер алды. Мұндай тәжірибелік экскурсия олардың теориялық білімдерін толықтырып, болашақ мамандықтарына деген қызығушылығын арттырды.
Басқа жаңалықтар
31 наурыз, 2026
31 наурыз, 2026