Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне Қытай Халық Республикасының білім министрі Чжу Чживен болып қайтты.

25 қазан, 2016

Қытай елімен татулық пен достық қарым-қатынастарын дамыту Қазақстанның сыртқы саясатының стратегиялық және басым бағыттарының бірі болып табылады.

ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов келген қонақтарды университеттің халықаралық қатынастар бағыттарымен, ғылыми-инновациялық қызметімен таныстырды. Ректор атап өткендей, ҚазҰУ ҚХР университеттерімен халықаралық ғылыми бағдарламалар мен жоғары оқу орындары деңгейінде серіктестікті белсенді жүргізуде.

ҚазҰУ Жаңа жібек жолының университеттер Альянсына кіреді және ректор аталмыш мекеменің Атқарушы комитетінің вице-президенті екендігін атап айтқан жөн. ҚазҰУ-дың суперкомпьютерлік және бұлттық тарату орталығының базасындағы Жаңа жібек жолы Альянсы университеттерінің халықаралық IT-технопаркін қалыптастырудың техникалық жағдайлары жасалған. Оның негізінде білім, ғылым және техника саласындағы ынтымақтастық алаңы құрылуы мүмкін.

Сонымен қатар, көпжылдық ынтымақтастықтың нәтижесінде 2016 жылдың көктемінен бастап Бейжің шет тілдер университетінде қазақ тілін оқыту бағдарламасы жүзеге асуда. ЖОО тарихында алғаш рет тіл пәндері ішінде қазақ тілі 73-ші тіл ретінде оқытылатын болды.

«Жемісті институционалдық ынтымақтастығының жемісті негізін екі елдің басшысы қалады. Бүгінде Қытай университеттерінде он үш мың қазақстандық білім алса, оның 700-і шәкіртақылық бағдарламамен оқуда. Жыл сайын 200-ге жуық қытай студенті білім алу үшін ҚазҰУ-ды таңдайды. Қытай мен Қазақстан ЖОО серіктестері жоғары білім берудің академиялық ұтқырлығы мен интернационализация процесін дамытуға, білім беру бағдарламалардың сапасын қамтамасыз ету үшін ат салысуда»,- деп атап өтті Чжу Чживэн.

ҚХР білім министрі орынбасарының айтуынша, ҚазҰУ көбінесе Қытайдың солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан университеттерімен тығыз серіктестік қатынастарын орнатқан. Екі жақ бірлескен ғылыми- инноциялық және оқытушы кадрлерімен алмасуды ұйымдастыру бойынша ынтымақтастықты кеңейту және нығайтуға дайын екендіктерін жеткізді.

Сондай-ақ, екі жақ ортақ оқыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында кезекті халықаралық аударма орталығына нақты маман ретінде кәсіби аудармашыларды дайындау, оның ішінде IT-технология бойынша маман әзірлеу бағдарламасын, бірігіп ғылыми жобалар мен зерттеулер жүргізіп, жазғы мектеп ұйымдастыру туралы уағдаласты.

ҚазҰУ-дағы ресми сапары аясында делегация Конфуции Институты жұмысымен танысты. Қонақтар халықтар арасындағы достастықпен байланысты мәдени-білім орталығының жұмысына жоғары баға берді. Министрлік өкілдері қытай тілінде өтетін дәріске қатысып, институттың кітапхана қорын аралап, студент жастардың ұйымдастырған концертін көріп қайтты.