- Басты бет
- Жаңалықтар
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: Экономиканы жаңғырту және жаңа индустриализацияның мәселелері
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: Экономиканы жаңғырту және жаңа индустриализацияның мәселелері
ЕАЭК мәселелерін дамыту жөніндегі стратегиялық зерттеу институтының директоры, Ресейдің жаратылыс тану ғылым Академиясының вице-президенті Анатолий Спицын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері мен оқытушыларына дәріс оқыды.
Профессор инновациялық экономиканық даму моделінің құрылуын, теңсіздіктік пен кедейшілікті жою, экономикалық заманауи жаһандану кезеңінде тұрақтылықты қамтамасыз етудегі Н. Назарбаевтың кеменгерлігі мен жасампаздық көшбасшылығы туралы әңгімелеп берді.
А. Спицын атап өткеніндей, Қазақстан әлемдік экономиканың турбулеттік жағдайына қарамастан, ел тиімді даму моделіне өтудің оңтайлы тәжірибесін жинақтап, 25 жылдық Тәуелсіздігіне аяқ басты. Профессордың айтуынша, Қазақстан республикасының президенті Н. Назарбаевтың ұсынған «Қазақстан – 2030» стратегиясының асырылуы, «Қазақстан-2050» Стратегиясына, «Нұрлы жол» және Қазақстанның болашаққа қарай ұмтылу жолын анықтап берді.
Елде үдемелі индустриалды-инновациялық даму және қоғамды әлеуметтік модернизациялау бағдарламалары асырылуда. Мемлекет Басшысы тарапынан көрсетілген бес институционалдық реформалар мен халық Жоспары «100 нақты қадам» сапалы әрі түбегейлі өзгерістерді қамтамасыз етіп, ғасырлық стратегиялық мақсат болып табылатын – дамыған 30 мемлекет қатарына кіруге бағытталған.
«Ел президенті жаһанданудың экологиялық қуаттың тұрақты дамудың негізгі басымдықтарын белгіліп, оны жүзеге асыратын механизмдері мен институттарын анықтап берді. Бұл мәселелер БҰҰ тұрақты даму жөніндегі Рио +20 Конференциясында талқыланып, «Қуат адамзат үшін» атты БҰҰ бағдарламасында жан-жақты қолдау тапты»,-деп атап кетті ҚазҰУ-дың құрметті профессоры Анатолий Спицын.
Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамалары, оның «батыл жауапкершілігі» теориялық сараптаманың негізіне ұтымды түрде еніп, әлемдік экономиканың түбегейлі жаңартылуына түрткі болып, ТМД кеңістігіндегі халықаралық интеграцияның тереңдеуі жағдайында дағдарыстан кейінгі ұлттар мен елдердің мүдделеріне жауап беретін жаһандық жасампаз стратегиясының жасалуына бағытталған.
«Бүгінде Еуразиялық экономикалық одақ Еуразиялық болашақ цивилизацияның интеграциялық ядросы ретінде, евразиялық континентіне, бүкіл әлемге ашық үлкен дала ретінде қарастырылуда»,- деп атап өтті Қазақстан Президентінің Еуразиялық стратегиясын жүзеге асырылған жолы туралы А. Спицын. Сарапшының айтуынша, салалық сегменттерде қаржылық ірі ойыншылардың бірігуі, инновациялық және инвестициялық альянстың мүмкіндіктерін кеңейтіп, өндірістік саясатты үйлестіруге жағдай жасауды.
Профессор А. Спицын атап өткеніндей, 21 ғасырдың тәуекелдері мен жаһандық жаңа қауіптерге қатысты Президент Н. Назарбаевтың айтқан салмақты жауаптары мен көрегенді арқасында, Қазақстан тұрақтылық үлгісін көрсетіп, бәсекеге қабілетті ел атағына ие болды.
ҚазҰУ баспасөз қызметі.