Алматыда экологиялық журналистика бойынша курс өтедіFarabi University

Алматыда экологиялық журналистика бойынша курс өтеді

12 наурыз, 2021
Ағымдағы жылдың 15 наурызынан бастап 19 наурызына дейін Алматыда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті экология саласында маманданған журналистер үшін оқыту курстарын өткізеді (бағдарлама қоса беріледі).

Оқыту курстары офлайн форматта келесі мекен-жай бойынша өтеді: Алматы қ., Әл-Фараби даңғ., 71/27. Қатысушылар «Экологиялық журналистика» курсын өткендігі туралы сертификаттар алады.

Тікелей көрсетілім Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Facebook-тегі https://www.facebook.com/KazakhNationalUniversity ресми парақшасында өтеді.

Құрметті журналистер, аталған курстан өтуге қызығушылық танытқан жағдайда, мына сілтеме бойынша тіркеуден өтулеріңізді сұраймыз: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSc8hs3nRVCrmaLkonDYTdNHa4ZOcpAaNUAWNRTJ8NSqS8gjvg/viewform?usp=sf_link.

Барлық қызықтыратын сұрақтар бойынша келесі байланыс телефондарына хабарласуға болады: +77029857977, Ақмарал, +77029992277, Анель.

МАТЕРИАЛДЫ САЙТҚА ӘЗІРЛЕГЕН: ЕЛҒОНДИНОВА АРУЖАН ДИДАРҚЫЗЫ