Жұмыс беруші өкілдерімен білім беру бағдарламаларын талқылау
Жұмыс беруші өкілдерімен білім беру бағдарламаларын талқылау
17 наурыз 2021 жылы Халықаралық қатынастар факультетінің дипломатиялық аударма кафедрасының бастамасымен жұмыс берушілер мен өндірістен тартылған оқытушылармен онлайн кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында «6В023 - Халықаралық және құқықтық қатынастар саласындағы аударма», «6В042 – Халықаралық құқық, MINOR - Халықаралық құқық және сот аудармасы» және «7M023 - Синхронды конференц-аударма, кәсіби бағыт (1 жыл)» мамандықтары бойынша Болон процесінің талаптарына және қазіргі таңдағы жұмыс берушілердің болашақ мамандарға қоятын біліктіліктеріне сай білім беру бағдармаларын әзірлеу жұмыстары талқыланды. Кездесуге к.ф.н., доцент Бакитов А.Т., Қазақстандағы Macmillan Education ұйымының өкілеттілігінің кеңесшісі Жумалиева Ж.К, «Nazira-French» ЖК синхронист-аудармашысы Умекова Н.К., Мейрам Ислам, Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңестің аудармашысы Мейрам Ислам және ҚР СІМ испан тілінің аудармашысы Филимонова Светлана қатысып, болашақ аудармашылар даярлау жөніндегі өз ой-пікірлерімен бөлісті.