Ауа райына қатысты қазақ халқының ырымдары мен болжамдары

Ауа райына қатысты қазақ халқының ырымдары мен болжамдары
«Фараби әлемі» конференциясы аясында 2021 жылдың сәуір айының 6 күні Метеорология және гидрология кафедрасының студенттерінің ұйымдастыруымен «Ауа райына қатысты қазақ халқының ырымдары мен болжамдары» тақырыбында онлайн форматта үйірме кездесуі ұйымдастырылып өтті.
Халқымыз табиғат тылсымын ерте заманнан-ақ түсініп, оны өзінің тұрмыс-тіршілігіне арқау етіп, қолдана білген. Солардың бірі – халықтың ауа райын болжау тәсілдері. Қысы-жазы далалық өмірде тіршілік еткен халқымыз өздері тұрған өлкенің табиғи ерекшелігі мен құпиясын терең білгендігі сондай, айсыз түнде жұлдызға қарап жол тауып, құс, жан-жануар, құрт-құмырсқа тіршілігіне зер салып, ауа райын күні бұрын болжап, ерте қам жасап отырған.
Үйірме онлайн кездесуі барысында студенттер ырымдарды, наным сенімдерді қаншалықты білетіндерін айтаоытрып, өздерініңосытақырыптағы ой-пікірлерімен бөлісті. Осы ауа райына байланысты халық ырымдарын зертеуші ғалымдар жайлы ақпараттар айтып, халық болжамдары жайлы жазылған кітаптардыатап өтті. Сондай-ақ басқа халықтар арасында таралған ауа райына байланысты қызықты ырымдар айтылды, танымды, ауа райының құбылыстарына арналған викториналық ойындар көрсетілді.
Басқа жаңалықтар


