TELEGRAM-ПЕДАГОГИКА: ОҚУ ЖҮЙЕСІН ҚАЛАЙ ЫҢҒАЙЛЫ ЖӘНЕ ҚЫЗЫҚТЫ ЕТУГЕ БОЛАДЫ?

20 сәуір, 2021

2021 жылдың 14 сәуір күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология және әлем тілдері факультеті, жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен "Telegram-педагогика: қазақстандық білім беруді цифрлық дамытудағы инновация ретінде" тақырыбында онлайн-воркшоп өтті. Семинарда осы аталған бағыттың авторы және ОПҚ үшін арнайы оқыту курсын әзірлеуші, университеттің жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының докторанты Сейдеханов Санатбек сөз сөйлеп, Telegram қосымшасы арқылы білім беруде қалай жақсы және ыңғайлы жұмыс жасауға болатынын егжей-тегжейлі түсіндірді.

Воркшоп барысында қатысушылар нақты кейспен жасалған жұмысты мысал ретінде көре отырып, Telegram мессенджерін қолданудың оқытуға пайдалануға болатын жаңа жүйелі тәсіл екендігі туралы, сондай-ақ осы жүйенің технологиялық құралдары туралы білді. Семинар материалы қадамдық алгоритм форматында ұсынылды, нәтижесінде оқытушы өзінің оқытушылық жеке телеграмдық жобасын жасап, іске қосып, онымен жұмыс істей бастайды. Осы бағдарлама шеңберінде ОПҚ үшін оқытудың қосымша әдістемесі ретінде Telegram-педагогиканы енгізуді жеңілдету мақсатында тұрақты негізде тренингтер өткізу жоспарлануда.