ЕҢ САПАЛЫ БІЛІМ ТЕК ҚАЗҰУ-ДА!!! МЕКТЕП, КОЛЛЕДЖ, ЖОО ТҮЛЕКТЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!!!Farabi University

ЕҢ САПАЛЫ БІЛІМ ТЕК ҚАЗҰУ-ДА!!! МЕКТЕП, КОЛЛЕДЖ, ЖОО ТҮЛЕКТЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!!!

19 мамыр, 2021

Егер сіз сапалы білім алғыңыз келсе, оқу мен спорттық жаттығуларды сәтті үйлестіргіңіз келсе, біз сізді күтеміз. Сіздер үшін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде спорттық шеберлікті жетілдіру және сапалы білім алу үшін тамаша жағдайлар жасалған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті медицина факультетінің дене тәрбиесі және спорт кафедрасы 2021-2022 оқу жылына көп деңгейлі жүйе бойынша кредиттік технология шеңберінде келесі мамандықтар мен оқыту деңгейлеріне білім алушыларды қабылдауды жариялайды:

-          Бакалавриат     «6В01401 - Дене шынықтыру және спорт» (4; 3; 2 жыл); 

-          Магистратура  «7M01401 - Дене шынықтыру және спорт» (2; 1 жыл); 

                                      «7M04114 - Спорт менеджменті» (2 жыл);

-          Докторантура   «8D01401 - Дене шынықтыру және спорт» (3 жыл).

 

Дене шынықтыру және спорт кафедрасы халықаралық аккредитациясын барлық дайындық деңгейін өтіп, ACQUIN сертификатын алды.

 

Кафедраның негізгі мақсаты: Дене шынықтыру және спорт саласындағы ең заманауи талаптарға жауап беретін, базалық пәндермен толық интеграцияланған білімі бар жоғары білікті мамандарды даярлау, оқытушы - жаттықтырушыға қажетті дене тәрбиесі, спорт түрлерін оқыту әдістемелерін, мектеп оқушылары мен спортшылардың дайындығын бақылау және түзету саласындағы дағдыларды қалыптастыру.

Кафедра санитарлық-техникалық нормаларға сәйкес келетін және оқу жоспарында қарастырылған теориялық және практикалық дайындықтың барлық түрлерін жүргізе алатын,  сондай-ақ магистранттар мен докторанттардың ғылыми-зерттеу және эксперименттік-зерттеу жұмыстарын тиімді орындауды қамтамасыз ететін қолданыстағы материалдық-техникалық базаға ие. Олар: аудиториялық қор, компьютерлік сыныптар, медициналық-биологиялық пәндер бойынша зертханалық жұмыстарға арналған қазіргі заманғы жабдықтар, қор материалдары, спорт түрлері бойынша 6 спорт залы, 3 тренажер залы, емдік дене тәрбиесіне арналған 2 зал, медициналық кабинет, стадион, 2 ашық спорт алаңдары, теннис корты, жүзу бассейні.  

Кафедра Университеттердің Еуразиялық Қауымдастығымен (Ломоносов атындағы ММУ жанындағы ЕҚУ ҚҰҒМО), П.Ф. Лесгафт атындағы Ұлттық Мемлекеттік дене шынықтыру, спорт және денсаулық университетімен, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетімен, Б.Н. Ельцин атындағы Урал федералдық университетімен, Новосібір мемлекеттік техникалық университетімен, Ф.М. Достоевский атындағы Омск мемлекеттік университетімен белсенді ынтымақтастық жасайды.

Университеттің студент-түлектері арасында Ерғали Әлішер (еркін күрес), Сейпілұлы Айдос (қазақша күрес), Сметов Елдос (дзюдо), Қырғызбаев Ғұмар (қазақша күрес), Қырғызбаев Ғұсман (қазақша күрес), Жұмабаева Динара (самбо) Дмитрий Баландин (жүзу), Денис Уланов (ауыр атлет), Ермахан Ыбырайымов (боксшы) секілді тағыда басқа Әлем чемпиондары мен Олимпиада ойындарының жүлдегерлері бар.

Спорттық ареналарда университеттің абыройын әр түрлі спорт түрлерінен құралған командалар қорғайды. Олар: армрестлинг, баскетбол (ерлер, қыздар), бадминтон, бильярд, бокс, волейбол (ерлер, қыздар), еркін күрес (ерлер, қыздар), дартс, дзюдо (ерлер, қыздар), садақ ату, қазақша күрес (ерлер, қыздар), жеңіл атлетика, үстел теннисі (ерлер, қыздар), жүзу, самбо (ерлер, қыздар), тоғызқұмалақ, спорттық бағдарлау, футбол, футзал, жағажай волейболы (ерлер, қыздар), жағажай футболы, шахмат.

2001 жылдан бастап біздің Университет жалпы командалық есепте Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындарының арасында өтетін Жазғы Универсиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы болып табылады.

Оқуға түсу бойынша басқа да толық ақпаратты университеттің қабылдау комиссиясынан немесе мына тел. 8(727) 221 1370 (ішкі 1370) арқылы алуға болады.

Жауапты тұлғалардың байланыс номері:

8(702)103 37 83 Айманова Ляззат Бахтияровна

8(771) 854 22 83 Адильжанова Мадина Исахановна