- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті-Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасындағы Универсиада чемпионы 2021 ж.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті-Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасындағы Универсиада чемпионы 2021 ж.

2021 жылдың 4 мамыры мен 9 маусымы аралығында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында ХІ жазғы Универсиада өтті. Жарыс спорттың 30 түрінен еліміздің 60 жоғары оқу орны арасында өтті. Жарыс қорытындысы бойынша, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің құрама командасы Универсиаданың 7 дүркін көшбасшысы болды. Біздің спортшылар спорттық шеберліктерін және барлық спорт түрлерінде озықтықтарын көрсетті.
Орын алған Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының тізімі:
1 орын - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
2 орын – Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті
3 орын – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
4 орын – М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
5 орын – Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
6 орын – Д.Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан техникалық университеті
![]() |
Басқа жаңалықтар


