Кісі көмегіне емес, өз біліміңе сен

30 наурыз, 2022

География және табиғатты пайдалану факультетінде қазанның 25 күні және қазанның 28 күні "Геоинформатика" мамандықтарының 3 курс студенттерімен оффлайн форматта «Кісі көмегіне емес, өз біліміңе сен!» тақырыбына ашық сабақ өткізілді. 

 

Мақсаты:

1. “Сыбайлас - жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.;

2. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту;

3. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптасады.

Жаңартылған білім мазмұны аясында жазылым дағдысын дамыту

Заманауи білім беру саласында оқушылардың танымдық іс- әрекетін сапалы ұйымдастыру- бүгінгі таңдағы басты мақсат, сондай-ақ нәтижеге жетудің тиімді құралы болып табылады.

Бүгінгі ХХI ғасырдың оқушысы педагогтан жаңашыл бағытты, яғни сабақтың жаңа форматта өтуін қалайды.Білімнің маңызы артып бара жатқандығын оқушылардың ұмтылысынан байқауға болады.

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш сынып оқушыларының даму деңгейіне қойылатын талаптар: жас ерекшелігіне сай оқу іс-әрекетінің негізгі дағдылары қалыптасқан; функционалдық сауаттылық деңгейі жас ерекшелігіне сай қалыптасқан; жеке басына қызмет көрсете алатын, шығармашыл, оқуға деген қызығушылығы жоғары, жан-жақты дамуға мүдделі тұлға.

Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік құбылыс. Оның себебін, мағынасын толық түсіну мүмкін емес, деп есептейді ғалымдар. Бір ғана факт бар: жемқорлық – қоғамның дамуын тежегіш фактор. Бұл ұғымның ресми түсіндірмесі бар. Латын тілінен аударғанда сыбайлас жемқорлық – сындыру, бүлдіру, зақымдау, құлдырау деген мағынаны білдіреді. Латын термині «corruptio» екі түбірден құралған сөз: «cor» - жүрек, жан, рух, ал «ruptum» - бүлдіру, бұзу. Демек, «сыбайлас жемқорлық» сөзінің астарында тек лауазымды тұлғаның пара алуы немесе бюджет қаржысын қалтасына басуы емес, сонымен қатар әлеуметтік жүйе, мемлекеттік билік жүйесінің құлдырауы ұғымдары жатыр.

Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана дегеніміз – бұл адамдардың жемқорлық әрекетті әлеуметтік зұлымдық әрі қауіпті әрекет деп қабылдуы, оған қарсы пайда болатын ұғымдар, теориялар, түсініктер мен сезімдердің, көзқарастар мен эмоциялардың жиынтығы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стретегияның негізгі басымдықтары – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін жоғарылату, адамдар арасында жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет дегеніміз – бұл адамның саналы түрде және адамгершілік қасиетімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, пара сұрамау, пара бермеу, мемлекеттің мүлкіне қол сұқпауы.