Жапон ғалымы қонақ болдыFarabi University

Жапон ғалымы қонақ болды

12 қазан, 2022

Т.Уяма – Орталық Азияны, оны ішінде Алаш автономиясын зерттеп, біршама еңбек жазған жапон ғалымы. 1995-1996 жж. Шығыстану институтының шақыртуымен Қазақстанда жұмыс істеген.

Профессор бөлім оқытушыларымен кездесіп, жапонтану саласындағы соңғы жаңалықтар мен зерттеу жұмыстары жайлы әңгімелесті. Аталмыш салада ғылыми жұмыспен айналысып жүрген оқытушыларға өз тәжірибесін бөлісіп, құнды кеңестер берді.