- Басты бет
- Жаңалықтар
- Нобель сыйлығын екі мәрте иеленген ғалым атындағы аудитория, зертхана және бюст ашылды
Нобель сыйлығын екі мәрте иеленген ғалым атындағы аудитория, зертхана және бюст ашылды
Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың химия және химиялық технология факультетінде екі әр түрлі саладан Нобель сыйлығын иеленген тарихтағы жалғыз әйел Мария Складовская-Кюри атындағы зертхана мен оқу дәрісі және ғалымның бюсты ашылды. Оған Алматыдағы Польша мемлекетінің бас консулы Веслав Осуховский, Поляк Химия Қоғамының президенті, профессор Богуслав Бушевский, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов және ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов, сондай-ақ факультет оқытушылары мен студенттері қатысты.
Тұсукесерде Серік Тұрарұлы: «Екі мәрте Нобель сыйлығына ие болған ғалымның атындағы зертхананың дәрісхана мен бюсттің ашылуы ғылымға деген үлкен қолдау деп білемін. Сол кісінің ғылыми қайраткерлігіне қарап, қазақ химиктерінің арасынан да тұңғшы Нобель сыйлығының иегерлері қалыптасар», - деген үмітімен бөлісті. Ал ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов: «химия саласы бойынша Мария Кюриге Нобель сыйлығын тағайындағанына 100 жыл толды. Сол себепті, БҰҰ 2011 жылды Халықаралық химия жылы және Мария Кюри жылы етіп жариялап отыр. Ол әр түрлі академиялардың, ғылыми орталықтардың және ғылыми қоғамдардың қадірлі мүшесі болып таңдалған, әлем әйелдерінің ішінде ең үздік ғалым болып мойындалды. Ол радиоактивтілік және радиация құбылыстарын ең алғаш ашқан адамдардың бірі», - деп ғалымның еркшелігін атап өтті. Сондай-ақ, екі әр түрлі саладан Нобель сыйлығын иеленген тарихтағы жалғыз әйел Мария Кюридің ашқан жаңалықтарымен Алматыдағы Польша мемлекетінің бас консулы Веслав Осуховский, Поляк Химия Қоғамының президенті де бөлісіп жатты.
Мария Кюри 1903 жылы физикадан Нобель сыйлығын иеленсе, 1911 жылы химия саласы бойынша Нобель сыйлығын алды. Ол жаңа радий және полоний элементтерін ашқан. Оның ашқан жаңалықтарының арқасында материяның құрылыстары туралы ескі көзқарастар бұзылып, жаңа атомның күрделілігі туралы ілімдер пайда болды. Радиация құбылыстары Қазақстанда да болған, мемлекет аумағында Семей полигоны, уран рудалары және тағы басқа радиациямен байланысқан мекемелер бар. Мұндай аудандардың экологиялық салдарларын біздің мемлекетте ең бірінші әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың радиациондық экология зертханасында профессор М.М.Бүркітбаевтың жетекшілігімен бастама алды. Ғылыми жұмыстар НАТО «Әлем ғылым атымен», МНТЦ және тағы басқа фондтарының гранттарымен жүргізілген. Сондықтан да Мария Складовская Кюри атын беруге ҚазҰУ-дың химия және химиялық технология факультеті таңдалды.
Қонақтар бюсттің лентасын қиып, тұсауы кесілген оқу дәрісі мен зертхананы аралады. Салтанатты шара барысында Поляк Химия Қоғамының президенті, профессор Богуслав Бушевский жаңадан ашылған игіліктер жас химиктерге кәсібилікке жетуіне белсенділік тудыратынын, ғылымға зор демеу болатынын айтып, сол мүмкіндікті тудырып отырған ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтановқа алғысын айтып Мария Складовская-Кюридің медальін табыс етті. Сонымен қатар мұндай марапатпен Алматыдағы Польша мемлекетінің бас консулы Веслав Осуховский, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов та ие болды.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі