- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Орталық Азияда тұрақты қоғам қалыптастыру жолында: Біздің болашақ ұрпақ алдындағы міндетіміз» атты ашық семинар өтеді
«Орталық Азияда тұрақты қоғам қалыптастыру жолында: Біздің болашақ ұрпақ алдындағы міндетіміз» атты ашық семинар өтеді
12 қаңтарда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік Кеңсесі және Қазақстан Республикасындағы Жапон елшілігінің қолдауымен Адам және табиғат жөніндегі Жапон институтымен бірге ұйымдастырылған «Орталық Азияда тұрақты қоғам қалыптастыру жолында: Біздің болашақ ұрпақ алдындағы міндетіміз» тақырыбында ашық семинар өтеді.
Семинар Қазақстан және Жапон ғалымдары мен университет студенттерінің ғаламдық экологиялық мәселелерді шешудің жаңа жолдарын іздестіруді талқылау және ой алмасу алаңына айналады.
Семинар шеңберінде келесі профессорлар баяндама жасайды:
Норио Ищида (Жапония, Киота университеті)
Джюнпей Кубота (Жапония, Адам және табиғат зерттеу институты)
Роман Ященко (Қазақстан, Зоология институты)
Семинар 2012 жылдың 12 қаңтарында сағ. 14:00-17:30 әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мәжіліс залында өтеді (әкімшілік ғимараты, 15 қабат).
Университеттің профессорлық оқытушылар құрамын, қызметкерлері мен студенттерін аталмыш семинарға қатысуға шақырамыз.