Менің Каннам университетіндегі естен кетпес оқу тәжірибем!Farabi University

Менің Каннам университетіндегі естен кетпес оқу тәжірибем!

14 ақпан, 2023

      Сәлеметсіз бе! Менің атым Баяхмет Лилия. Мен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің "Шығыстану" факультетінде "Аударма ісі" мамандығы бойынша білім алып жатырмын. Мен өзімнің Кореядағы өмірім туралы айтқым келеді. Әсіресе, Каннам университеті туралы! Осы университеттегі барлық оқытушылардың оқу процесі кезінде көрсеткен тамаша оқытушылық, оқыту және қолдауы үшін үлкен рахмет айтқым келеді. Осындай қысқа мерзімде жаңа білім алу мүмкіндігі үшін зор алғысымды білдіремін. Мұнда сабақтар жоғары деңгейде өткізіледі және профессорлар тақырыпты өте мұқият түсіндіреді. Әрине, Кореядағы оқу жүйесі Қазақстаннан сәл өзгеше. Мысал келтірсек, Қазақстанда студенттер курстарға бөлінеді (1-2-3-4), Кореяда да дәл солай, бірақ бұл жерде пәнге байланысты бөлінеді, дәлірек айтсақ, әр түрлі курстардан әр түрлі студенттермен бірге бір дәрісті тыңдай аласыз. Ал Қазақстанда егер сіз 3-ші курста оқысаңыз, онда 1-ші курс студенттерімен дәріс тыңдай алмайсыз.

     Каннам университеті маған нағыз студент екенімді сезінуге мүмкіндік берді. Мен ұйымдастырушылар мен оқытушылардың жұмысына тәнті болдым. Мысал келтіргім келеді, екі ай бұрын бізде фестиваль өтті. Ұйымдастырушылар атақты әншілерді, актерлерді, сондай-ақ университетіміздің үйірмелерінен студенттерді шақырды. Барлық студенттер талантты және өте әдемі өнер көрсетті. Сол сәтте мен өз өмірімнің ең жақсы сәттерімді бастан кешіріп жатқанымды сезіндім. Сондай-ақ, біз "Buddy Mentoring" бағдарламасына жазылдық, бұл бағдарламада бізге бір корей студенті бөлінді, бұл студент бізге оқуға көмектеседі, сонымен қатар корей тілін басқа деңгейге көтеруге ат салысады. Осы бағдарламаның арқасында мен өзімнің тосқауылымды және қорқынышымды, сондай-ақ сөйлеу кезіндегі қателіктерімді алып тастай алдым. Бұл студент маған корей тіліне көмектесті және маған Корей мәдениетін түсіндіріп, жаңа жерлерді көрсетті және де маған нағыз корейлік өмірді сезінуге мүмкіндік берді. Біз мұнда оқып қана қоймай, әртүрлі экскурсияларға бардық және әр уақытта Корея туралы жаңа нәрсе білдік! Біз әртүрлі елдердің мұғалімдері мен студенттерімен бірге Кенджу қаласына бардық. Бұл қала Оңтүстік Кореяның Чунчхон-Намдо провинциясының орталық бөлігінде орналасқан. Қалалық әкімшілікке бағынатын жерде Керенсан мен Нонсанның екі тауы - әйгілі таулы курорттық аймақтар орналасқан. Бұрынғы кезеңдерде Унджин - Кореяның Пэкче мемлекетінің ежелгі астанасы-Конджу орнында орналасқан. Қала туристердің назарын тарихи ескерткіштермен аударады, олардың ішінде үш патшалық дәуіріне жататын буддистік мұра ең танымал болып саналады - Синвокса, Магокса (ең көне), Капса, Тонхакса, Сонхоса храмдары. Пекче дәуірінде Кенсан бекінісі салынды. 1972 жылы қалада Конджу мұражайы жұмыс істей бастады, онда негізінен Пекче кезеңіне жататын тарихи жәдігерлер жиналды. Біздің университет Сеулге жақын болғандықтан, біз бос уақытымызда Сеулге барып, көрікті жерлерге баруға тырыстық. Біз барған орындар: Намсан, Кенбоккун, Ханган және Сувон қаласы

    Осындай қысқа уақыт ішінде біз Кореяда өмір сүруге үйрендік. Мен қазір оқып жүрген университетімді мақтан тұтамын, ол маған Кореяда оқуға мүмкіндік берді, сонымен қатар маған білім беретін барлық профессорларға алғысым шексіз.