Мақала халықаралық веб-журналда жарияланған

2023 жылдың қаңтар айында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Қиыр Шығыс кафедрасының (корейтану кафедрасы, 2 курс) студенті Болат Альбина «Жібек жолы университеттерінің желісінде» белсенді жұмысы үшін сертификатқа ие болды. Бұған дейін 2022 жылдың желтоқсан айында шетелдік профессор Ли Бён Джоның жетекшілігімен Silk Road Universities Network халықаралық веб-журналында Болат Альбинаның мақаласы жарияланған болатын.
Silk Road Universities Network (SUN) 2015 жылы әлемнің 75 университетін қамтитын Кореяның Ханкук шетел тілдері университетінің негізін қалаған. Желінің мақсаты – елдер арасындағы академиялық және мәдени байланыстарды кеңейту, сондай-ақ бейбіт қатар өмір сүру мен ұжымдық өркендеуге ықпал ету. Бұл ұйымның құрамында 4 институт бар: Жібек жолы университеттерінің Біріккен Президенттері, Халықаралық Жібек жолы зерттеу қауымдастығы, Жібек жолы университеттерінің біріккен студенттері, Silkroadia филармониялық оркестрі.
Қиыр Шығыс кафедрасының 2 курс студенті халықаралық веб-журналға жақсы мақала жариялау арқылы тағы бір мәрте жоғары қабілетін көрсетті. Бұл жетістік кафедраның барлық студенттеріне үлгі болды.
Басқа жаңалықтар


