
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 19 - 21 сәуір күндері Қазақстандағы жоғарғы оқу орындары арасында 6В02207- Шығыстану білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық пәндік олимпиада өтті.
Олимпиадаға Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ) араб тілін оқитын «Шығыстану» мамандығының 3-4 курс студенттері қатысты. Олимпиаданың екі кезеңінің нәтижесі бойынша жүлдегерлер анықталып, І, ІІ, ІІІ орынға ие болған студенттер дипломдар мен ынталандыру сыйлықтарына ие болды.
Басқа жаңалықтар

28 шілде, 2025
25 шілде, 2025