"BAQ.KZ" ақпараттық порталы

25 наурыз, 2014

"ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ ӨЗІНІҢ БАРЛЫҚ ПОТЕНЦИАЛЫН ҚОЛДАНУҒА ДАЙЫН"

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы, профессор виталий Сальников «бейсенбідегі бетпе-беттің» бүгінгі қонағы.

– Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «XXI ғасырдағы тұрақты дамудың ғаламдық энергоэкологиялық стратегиясы» және «Жасыл экономикаға» өту концепциясын жүзеге асыруда белсенді қосылған «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы сияқты бастамаларын әрқашанда қолдайтыны белгілі. Қандай оқиға оның алғышарты болды?

– Қоршаған орта мәселелеріне алаңдаушылық БҰҰ-ның «жасыл экономика» негізінде мемлекеттердің тұрақты дамуға көшу концепциясына бағытталған экономикалық дамудың жаңа амалдарына негізделген заманауи дағдарыстан шығу жолдарына арналған РИО+20 тұрақты даму бойынша конференциясының ғаламдық идеясында өз көрінісін тапты.

Қазақстан тұрақты даму, экологиялық тұрақтылық мәселелері бойынша сұрақтарды жалпылай шешу әсері нәтижесінде мыңжылдық даму және тұрақты даму мақсатына жету үшін кілттік стратегия болып саналатын «Жасыл өсу» («Зеленый рост») концепциясы негізінде «жасыл экономикаға» көшу сұрақтарында белсенді позицияға ие.

Қазақстанның өз серіктестерін сендірудегі талпынысы экологиялық мәселелердің мәнін терең түсінудегі белсенді позициясын алдын ала анықтайды: «әлемге инновациялық технологиясыз жүзеге аспайтын, тұрақты энергоэкологиялық дамуды қамтамасыз ететін «жасыл экономика» қажет».

Еуропа, Азия, Тынық мұхит жағалауы елдері арасындағы серіктестікті құруға және қазіргі даму үлгілерінен «Жасыл өсу» концепциясына өтуге жәрдемдесу мақсатымен БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 66-сессиясында Қазақстан Республикасымен «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы ұсынылды. Бұл бағдарлама БҰҰ-ның тұрақты даму бойынша RIO+20 конференциясында барлық серіктестердің ерікті және ашық түрде қатыса алатын тұрақты даму бойынша аймақ аралық бастамасы ретінде қолдау тапты.

Бағдарлама кілттік жеке секторлар мен халықаралық институттардың қолдауымен тұрақты дамуды қамтамасыз етуде Евразиялық кеңістіктегі мемлекеттердің тығыз қарым-қатынасын болжайды.

Сонымен қатар «Жасыл көпір» бастамасы БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясымен және Азия мен Тынық мұхиты өңіріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясымен (ЭСКАТО) мақұлданды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – бұл платформалардың белсенді қолдаушысы. 2012 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ҚР-дың ЖОО арасында ең бірінші болып «Академиялық әсер ету» бағдарламасына қабылданды. Әлемдік қауымдастық алдындағы барлық жауапкершілікті сезіне отырып, біз «Жасыл көпір – ұрпақтан-ұрпаққа» жаңа Евразиялық платформасының алға жылжуына күшімізді біріктіруге шақырамыз. Оның басты мақсаты – ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «XXI ғасырдағы тұрақты дамудың ғаламдық энергоэкологиялық стратегиясы», «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы сияқты бастамаларына жастарды тарту. Бұл жоба тұрақты инновациялық даму бойынша бастамаларды практикалық жүзеге асыру үшін және «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындау үшін жастардың күшін жұмылдырады. Бұл мегажобаның басты міндеттері – тұрақты даму мен энергоэкологиялық қауіпсіздік саласындағы алдыңғы қатарлы әлемдік ғылыми мектептердің мүмкіндіктерін біріктіру, сонымен қатар университеттер консорциумын құру, ҚР тұрақты даму мен жасыл технологияларды дамыту үшін кадрларды даярлау мен қайта даярлау механизмдерін құрастыру, соның ішінде тұрақты инновациялық даму бойынша мамандарды даярлаудың қазақстандық-ресейлік бірлескен жобасының аясында бакалавр, магистр және PhD докторларды дайындау. Дисциплина аралық координация және тұрақты энергоэкологиялық даму саласында жүргізілген заманауи зерттеулер, сонымен қатар «жасыл» экономика саласындағы ғылыми және инновациялық жобаларды жүзеге асыру маңызды құраушы болып саналады.

«Жасыл көпір – ұрпақтан-ұрпаққа» бағдарламасы «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасының болашақ қызметі үшін инкубатор болатынына сенімдімін. Дегенмен де, дамыған елдердің тәжірибесін ескерсек, «Жасыл экономикаға» көшу фундаменталды және қолданбалы зерттеулердің толық кешені негізінде мұқият тексерілуі керек деген түсінікке алып келеді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына биылғы жолдауында қателіктер мен экономикалық шығынға ұшырамас үшін «жасыл» технологияларға көшуде салмақты, таразыланған жол қажеттігіне назар аударды. Қазіргі энергетикалық стратегияға ірі компанияларының алғашқы ондығы қарсы шыққан Еуро Одақ елдері де мұны жете түсінеді. Бұл жағдайды да түсінуге болады, себебі ЕО стратегиясының төрт жыл бойы іске асуына байланысты 51 гигаватт энергия қуатын жоғалтты. «Жасыл экономика» бағдарламасымен жұмыс істей отырып, біз осы қателіктерді ескеруіміз қажет. Бұл өз кезегінде, жасыл экономикаға көшудің барлық күшті және әлсіз тұстары зерттелетін, осындай көшудің оңтайлы транзитті механизмі жасалатын толық кешенді зерттеулер қажет екендігін айтады. Осы жолда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өзінің барлық ғылыми потенциалын қолдануға дайын.

– Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың еліміз үшін маңызды болып саналатын сұрақтарға жауап бере алатындай ғылыми потенциалы бар ма?

– Біріншіден, ҚазҰУ еліміздегі жоғарғы оқу орындарының ішіндегі ең ірі ғылыми-педагогикалық потенциалға ие. Қазіргі таңда ҚазҰУ – құрамына 14 факультет, ғылыми-технологиялық парк (технопарк), 28 ғылыми орталықтар мен еліміздегі ең ірі 8 ғылыми-зерттеу институт кіретін қазақстандық ғылыми және білім беру кешені. ҚазҰУ-дың ғылыми қызметінің басты бағыттары: тұрақты инновациялық даму саласындағы зерттеулер, заманауи энергия сақтаушы технологияларды дайындау және ендіру, сонымен қатар экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ғылыми-техникалық негіздерін құрастыру.

Біздің университет 2008 жылы өзінің стратегиялық даму негізіне зерттеу университетінің тиімді заманауи үлгісін алды, оның қызметі ғылым, білім және инновацияның тығыз интеграциясында құрылады. Бүгінде оның нәтижелерін көріп жүрміз. Университетіміз 2013 жылы әлемдік QS рейтингінде 299-шы орынды иеленіп, осылайша әлемнің үздік университеттерінің 300-дігіне кірді. Ал біз қандай болмасын рейтингтік агенттіктердің негізгі критерийлеріне ғылыми өнімділік жататынын білеміз. Еліміздегі импакт-факторы жоғары мақалалардың жартысынан көбісі біздің ғалымдарымыздың басылымдары болып табылады.

– Осы жолда қандай нақты қадамдар жасау ұсынылуда?

– Ең алдымен, «Жасыл экономикаға» негізделген тұрақты дамуға көшудің транзитті механизмдерін дайындаудың мемлекеттік кешендік ғылыми-бағытталған бағдарламасын, тұрақты даму саласы бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асырудың ұйымдастырушылық механизмдерін әзірлеу; халықаралық стандарттар деңгейінде кәсіби құзіреттіліктерге ие Қазақстан Республикасының тұрақты инновациялық даму саласында кадрлық резервті дайындауды бастау жоспарлануда. Тұрақты инновациялық даму саласындағы білім берудің сапасын жоғарлату мәселесі маңызды болып отыр. Олар инновациялық әдістер, жүйелер, білім беру бағдарламалары мен іс-шаралары арқылы қажетті құзіреттіліктерге сәйкес берілу керек.

Мұның барлығы ҚР-ның тұрақты даму параметрлерін орындауды қамтамасыз етуге, тұрақты инновациялық даму саласында ғылыми және ғылыми-білім беру бітемесін қалыптастыруға қабілетті институционалды потенциалды жүзеге асыруға, сонымен қатар потенциалды жоғарлату және «Жасыл экономикаға» көшудің оңтайлы жолдары, экологиялық-экономикалық жүйесі әлсіз елдер үшін тұрақты даму ұсыныстарын дайындауға мүмкіндік беру керек.

– Сіз – географсыз. Біз әлемдегі күрделі жаһандық үдерістердің куәгері болып отырмыз. Географтар осы үрдістердің әсерін оңтайландыруда көмек көрсете ала ма?

– Шынымен, қазіргі замандағы басты мәселелердің бірі – қоршаған ортаның жаһандық және аймақтық өзгеру құбылыстары. Бұл тұрғыда өзгерулердің себебі туралы антропогендік әсер немесе табиғи факторлар сияқты ғалымдарда түрлі пікірлер қалыптасқан. Қандай болмасын жағдайда, себепке тәуелсіз, адам өзгерген жағдайларға бейімделу керек. Ол үшін болып жатқан үдерістердің өте ұқыпты және егжей-тегжейлі мониторингісін жасау, ең маңызды трендтерді шығару, бейімделу, тұрақтылықты жоғарлату механизмдерін дайындау және осы негізде басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін сәйкес құрылымдарға жан-жақты ақпарат ұсыну қажет. Мұны жасау үшін қоршаған ортаны, ондағы үдерістерді және сол үдерістердің табиғат пен қоғамға әсерін зерттейтін географтар шақырылған. Бізді қоршаған ортада болып жатқан негізгі үдерістерге бірнеше мысал келтіруге болады. Жаһандық климат өзгеруде, онымен қоса климаттық зоналардың жылжуы, шөлейттену үдерісі жүріп жатыр. Тауларда мұздықтар еріп жатыр, ал ол жерлерде қандай кеңістік пайда болғанын түсіну керек. Ғаламшарымыздың жаңа бейнесі қалыптасуда. Алдыңғы қатарға су және энергетикалық қауіпсіздік мәселелері шығып отыр. Осы тұрғыда Президентіміздің бастамаларын сәтті жүзеге асыру үшін географтардың жұмысының тиімділігі мен олар ұсынатын ақпараттың дұрыстығы маңызды орын алады. Кеңістікті, территорияны, ресурстық потенциалды, шешім қабылдау мүмкіндігін кешенді бағалауда тек география ғана көмек бере алады. Географиялық зерттеулерге негізделген стратегиялық территориялдық жобалау бар аймақтар дамып отыр.

Сонымен қатар, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың география және табиғатты пайдалану факультетінде 5 ірі кафедра еліміз үшін маңызды болып саналатын бағыттар бойынша мамандар даярлауда. Метеорология және гидрология кафедрасы ауа-райын болжау мен оның мониторингісі, климаттық өзгерістер мен бейімделу, су қауіпсіздігі саласында студенттерді әзірлейді.

Қазіргі кезде сұранысқа ие мамандарды картография және геоинформатика кафедрасы даярлауда, олардың негізгі мақсаты – қоршаған орта жағдайы туралы түрлі ақпараттар легін жинау және оны картографиялық негізде бейнелеу. Сонымен қатар, рекреациялық география және туризм кафедрасын да танымал деп айтуға болады, басты мақсаты – еліміздегі қалыптасушы туризм кластері үшін жоғары білікті кадрлар дайындау.

Біздің еліміз үшін ғана емес, ТМД кеңістігі үшін де бірегей болып саналатын энергоэкология кафедрасы – пәнаралық негізде энергетикалық және экологиялық қауіпсіздік, табиғи және антропогендік қауіп-қатерлер саласында мамандар даярлау мен ғылыми зерттеулер жүргізу үшін арнайы құрылған болатын.

Біздің түлектер еліміздің, сонымен қатар шетелдің, атап айтсақ АҚШ, Германия, Австралия, Австрия, Польша және т.б. елдерде мемлекеттік және жергілікті басқару, ғылым, білім беру, бизнес салаларында қызмет көрсетіп жүр.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бастамалары мен жобаларының сәтті жүзеге асулары Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «XXI ғасырдағы тұрақты дамудың ғаламдық энергоэкологиялық стратегиясы», «Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасы, «Жасыл экономикаға» көшу концепциясы сияқты бастамаларын өрлету мақсатымен жастарды, ғылыми және академиялық қауымдастықты жұмылдыруды қамтамасыз ететініне, тұрақты инновациялық даму бастамаларын тәжірибелік жүзеге асыру және дүниежүзілік «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық үшін күшті жұмылдырады деп сенемін.

– Ашық Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан:

Жандос Кайратұлы