- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Мәңгілік ел – ұлттық идеясы: мәдени капиталды қалыптастыру мәселелері» атты І Халықаралық Гуманитарлық форумы өтті
«Мәңгілік ел – ұлттық идеясы: мәдени капиталды қалыптастыру мәселелері» атты І Халықаралық Гуманитарлық форумы өтті
Журналистика факультетінде Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел – ұлттық идеясы: мәдени капиталды қалыптастыру мәселелері» атты І Халықаралық Гуманитарлық форумы өтті.
Алматы қаласы ЮНЕСКО кластерлік бюросының және Қазақстандағы БҰҰ Ақпараттық бюросының қолдау көрсетті. Форум жұмысын модераторлар профессор Р.Абазов пен кафедра меңгерушісі, профессор Г.Сұлтанбаева жүргізіп отырды.
Форум аясында гуманитарлық, әлеуметтік және саяси ғылымдар саласындағы ғылыми-зерттеу, білім және инновациялық жобалардың нәтижелері талқыланды.
Форум барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы тұрақты дамуы бойынша БҰҰ-ның академиялық ықпалы жаһандық хабы сайтының http://www.inaihub.kaznu.kz ресми таныстырылымы болды. Алдағы уақытта М.Барманқұлов атындағы ТРК қолдауымен «әл-Фараби» студенттік радиосы дайындаған «БҰҰ радиосы жаңалықтары қазақ тілінде» тұрақты жұмыс істейтін болды. Алғашқы эфирлік бағдарлама көпшілікке ұсынылды. Бұл студенттердің теорияны тәжірибемен ұштасуының алғышарты десек болады.
«Елдің интеллектуалды әлеуеті» мемлекеттік бағдарламасы аясында журналистика факультетінің студенттері 2013-2014 жылдары «Қазақ елі» студенттік ғылыми экспедициясын жүргізген болатын. Олар Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Ақмола, Қарағанды облыстарында және Семей, Ақтау және Форт-Шевченко қалаларында көптеген деректер жинақтап, бірнеше танымдық дүниелер жазып жариялады. Экспедиция нәтижесінде «Қазақстан халқының тарихи-семиотикалық құндылықтарының атласы» әзірленді. Аталған зерттеу жұмыстарының қорытындысын факультет студенттері Ахметов Мәди, Әбітай Ақсәуле, Әкім Арайлым көпшілік қауымға ұсынды. Құнды да қызықты мәліметтер жинақтағаны журналистік зерттеулердің нәтижелерін көрсетті.
Форумның арнайы қонақтары ҚР БҰҰ Ақпараттық Бюро басшысы В.Самек, ЮНЕСКО кластерлік бюросы Алматы қаласы коммуникация жəне ақпарат мəселелері жөніндегі жетекшісі С.Карпов, Варшава университетінің профессоры В.Гоголек, Белорусия Білім беру академиясының профессоры В.А.Янчук, Н.Коперник атындағы (Польша) университеттің профессоры И.Маcсака т.б. арнайы дайындаған баяндамалары студенттер үшін маңызы зор болды.
Әл-Фараби бабамыз «Жаратылысынан барлық ізгі, этикалық, интеллектуалдық қасиеттерді бойына сіңірген адамның болуы шындыққа да сыймайды», демек, көріп, біліп, үйреніп барып интеллектуалдар қатарына қосылатынын айтқан болатын. Сондықтан да осындай келелі, игілікті іс-шаралар, жас ұрпақ бойына рухани құндылықтар мен мол тәжірибе жинақтауға мол мүмкіндіктер берері сөзсіз.
Баспасөз және электронды БАҚ каферасы