Құқықтық білім беру сапасын көтеруге қатысты жиында сөйлеген сөзі

6 мамыр, 2022

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректор Ж.Қ.Түймебаевтың құқықтық білім беру сапасын көтеруге қатысты жиында сөйлеген сөзі

 

Құрметті жиынға қатысушылар!

Оқытушы-профессорлар құрамы, әріптестер!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне қош келдіңіздер!

Бүгінгі кездесуге ҚР Парламенті Сенатының депутаттары – Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшелері, осы комитет төрағасы Волков Владимир Васильевич, комитет мүшелері Қанатбек Бейсенбекұлы Сафинов, Нұрлан Кұдиярұлы Бекназаров, Ләззат Жаңылысқызы Сүлеймен қатысып отыр.

Сондай-ақ бүгінгі құрметті қонағымыз – Құқық қорғау органдары академиясының ректоры, 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Тимур Қайырбекұлы Сүлейменов.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауында:

«Заң үстемдігі орнықпаса, азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе – әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды.

Азаматтар мүддесіне қызмет ететін мемлекеттің жаңа стандарттарын әзірлеу үшін көп жұмыс атқаруымыз керек.

Бұл салаға реформа аса қажет», – деп атап өткен болатын.

Президент ұсынып отырған рефор­ма­лардың негізгі өзегі – шынайы құқықтық, демо­кра­тиялық мемлекет құру.

Жаңа бастамалар мен жаңа шешімдер арқылы құқықтық жүйеде қордаланған мәселелердің шешімін табу.

Конституциямызға да заман талабына сай өзгерістер енгізу қарастырылуда.

Бұл – жаңа Қазақстан құрудағы басты алғышарттардың бірі.

 

Уважаемые участники заседания!

Сегодня Казахстан проводит ряд реформ во всех сферах.

Все реформы направлены на построение демократии, правового государства и развитой рыночной эконо­мики.

Формирование правового государства и гражданского общества на современном этапе приобре­тает наибольшую актуальность.

Сейчас государство находится на этапе совершенствования действующего законодательства, проведения Конституционной реформы в Республике Казахстан.

Эти задачи были обозначены в послании Президента страны Касым-Жомарта Токаева.

В этих условиях, значительно возрастает роль Высшего законодательного органа нашей страны, особенно Комитета по конституционному законодательству.

В настоящее время подготовка юристов частными вузами превратилась в бизнес.

Базовые дисциплины: конституционное, административное, гражданское, уголовное право в разных вузах преподаётся в разных объемах, а присваивается общая специальность – юрист.    

Поэтому считаем необходимым скорейшую разработку и внедрение в систему образования и юридическую деятельность профессиональных стандартов по направлению «Право».

Направление «Право» объединяет образовательные программы, осуществляющие подготовку широкого спектора юристов:

нотариусов, адвокатов, юрисконсультов, таможенников, юристов для финансовой и бизнес среды, следователей, дознавателей, криминалистов прокуроров, судей и т.д.

С учетом сказанного, мы предлагаем разработать несколько профессиональных стандартов деятельности для правоохранительных органов, судебной системы и для юристов финансовой и бизнес среды. 

Каждый указанный профессиональный стандарт может содержать разные уровни специалистов.

И самое основное.

Подготовкой юридических кадров в нашей стране могут заниматься все вузы – и государственные, и частные, если они соответствуют квалификационным критериям МОН РК.

Профессия юриста имеет стратегическое значение.

Соответственно определять государственную стратегию должен национальный вуз, имеющий безусловный авторитет как внутри страны, так и за рубежом.

Вопросы подготовки высококвалифицированных юридических кадров остаётся крайне важной государственной задачей, которая возложена на Казахский национальный университет им. Аль-Фараби.

В этом направлении нами проводиться огромная научно-исследовательская и учебно-методическая работа.

Рассмотрения этого вопроса будет предметом отдельного заседания вашего Комитета.

Вместе с тем, хочется отметить, что председатель комитета Владимир Васильевич и секретарь комитета Канатбек Бейсенбекович, оба являются выпускниками юридического факультета нашего университета.

И здесь в зале присутствуют их преподаватели, коллегии и сокурсники.

Сулейменов Тимур Каирбекович тоже наш выпускник юридического факультета. 

 

Құрметті жиынға қатысушы қонақтар!

Құқықтық реформаларды іске асыру, жүйедегі түйткілдерді шешу осы саладағы мамандардың кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бұл бағытта жүйелі жұмыс атқарып келеді.

Бұл орайда, ел азаматтарының жалпы құқықтық сауатын арттыру – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Бүгінгі күні еліміз үшін жоғары білікті заң кадрларын даярлауды жетілдіру мәселесі өзекті болып отыр.

Бұл – мемлекеттің құқықтық жүйесінің тиімділігіне, қолданыстағы заңнаманың сапасына, сот және құқық қорғау органдарының қызметіне әсер ететін маңызды мәселе.

Сондықтан жоғары оқу орындарында құқықтық білім беруді жетілдірудің жаңа бағыттарын дамыту маңызды.

Бүгінгі кездесу нәтижесінде құқықтық білім беру саласындағы көптеген сұрақтардың шешімі табылады деп білемін.

Жаңа Қазақ­­стан­ды қалыптастырып, құқықтық мемлекет құру жолында сіздермен біз ақыл, ой мен күш біріктіріп ынтымақтаса жұмыс атқаратын боламыз.

Бұл мақсатта біз жастардың құқықтық білімін арттыру, оларды сапа­лы білім мен ғылымға тарту жұ­мыстарын жалғастыра береміз.