Оқытушы-профессорлар қауымымен кездесуде сөйлеген сөзі

29 сәуір, 2022

Құрметті оқытушы-профессорлар қауымы,  әріптестер!

Мемлекет басшысы  Қ.К.Тоқаевтың қабылдауынан кейін өздеріңізбен кездесіп, Президент жүктеген тапсырмалар мен алдымызға қойған міндеттерді арнайы жеткізуді жөн санап отырмын.

Өздеріңіз білетіндей, 2024 жылы ҚазҰУ-дың құрылғанына 90 жыл толады.

Президентке осы мерейтой аясында атқарылатын жұмыстар жоспарын таныстырып қайттым.

Осы ауқымды жобаларға кіріспес бұрын, сіздердің де ұсыныс-пікірлеріңізді тыңдап, көкейдегі сұрақтарыңызға жауап берсем деймін.

Ең алдымен былтырдан бері атқарылған жұмыстарға тоқталып өтейін.

Басшылыққа келгеннен кейін ең алдымен ардагерлермен және алдыңғы буын оқытушы-профессорлармен кездестім.

Келесі аптада жас ғалымдарды жинадым.

Осы жүздесулерде сіздердің жағдайларыңызбен танысып, өтініш-ұсыныстарыңызды жазып алдым.

Соңынан «қолымнан келгенінше ғалым-профессорларымыз алаңсыз жұмыс істеу үшін қолайлы жағдай жасаймын» деп уәде бердім.

Сол мақсатта бірқатар жұмыстар атқарылды, әлі де жалғасады.

Сөзім дәлелді болуы үшін лэд экранға назар аударып, өткен жылдың жетістіктері мен айшықты оқиғаларына көз жіберуді сұраймын.

Өткен жылдың басты оқиғасы – барлық қызметкерлердің жалақысы екі мәрте көтерілді.

 ҚазҰУ оқытушыларының делегациясы Түркияның ең ірі университеттерінің бірі – Ақтеңіз университетінде біліктілік арттырып әрі демалып қайтты.

Түркияның 11-ші президенті Абдулла Гүл келіп, көшбасшылық дәріс оқыды.

 Мемлекеттік қызметтегі тәжірибесімен бөлісіп, Қазақстанның болашағына үлкен сенім артты.

Мемлекет және қоғам қайраткерлерінің қатысуымен көшбасшылық дәрістер ұйымдастыруды жолға қойдық.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына түлектердің тартуы ретінде «Мәңгілік ел» сағаты салтанатты түрде ашылды.

Ағаштар аллеясы, «Ғалымдар бағы» ашылып, 1000-ға жуық қырым қарағайы мен алтай шыршасы және «Сиверс» алмасы,  шие, қара өрік ағаштары  отырғызылды.

Еуропалық Парламент делегациясы арнайы сапармен келді.

Олардың қатарында Латвия, Испания мемлекеттерінен келген жоғары лауазымды өкілдер болды.

Шараның ұйымдастырылу деңгейіне жоғары баға беріп, ынтымақтастықты нығайтуға әрқашан дайын екендіктерін айтып кетті.

ҚазҰУ базасында қыркүйек айында Мәскеу инженерлік-физика институтының филиалын ашу  жөнінде келісім жасалды.

Сондай-ақ қазіргі сәтте ҚазҰУ-дың филиалын Түркия мен Қырғызстанда ашу жұмыстары аяқталып келеді.

29 мамыр – Бішкекте өтетін салтанатты рәсімге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев арнайы барып қатысады.

Сіздерге айтар маңызды жаңалығым, 1 маусым күні Президент ҚазҰУ қалашығына ресми сапармен келіп, университет қызметімен танысады.

Бұл да күнде бола бермейтін жаңалықтың бірі, Мемлекет басшысын лайықты күтіп алуға қазірден дайындық жұмыстарын бастауымыз керек.

 

Құрметті оқытушы-ғалымдар!

Былтыр оқу корпустары мен аудиторияларға және жатақханаларға жөндеу жұмыстарын жүргіздік.

Жөндеуге дейінгі және кейінгі айырмашылықты күнделікті жұмысқа келгенде байқап жүрсіздер деген ойдамын.

Бірнеше нүктеде асханалар мен кофеханалар ашылды.

Әлі де қайта жаңғырту мен күрделі жөндеуді қажет ететін оқу ғимараттары мен жатақханаларымыз бар.   

Қазір экранға назар аударып, олардың бүгінгі таңдағы жай-күйіне көз жеткізуді сұраймын.

 

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Дінмұхамед Қонаевтың қолдауымен, Өмірбек Жолдасбековтің басшылығымен бой көтерген ҚазҰУ қалашығының 90 жылдығына дайындық жұмыстары басталып кетті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың  қабылдауына барғанымда осындай қордаланған мәселелерді көтере отырып, көмек сұрадым.

Қазір олардың бірнешеуін атап өтіп, ҚазҰУ қалашығын жаңғыртудың ІІ кезеңіне жоспарланған жобалармен таныстырып өтейін.

 

 

УВАЖАЕМЫЕ ПРЕПОДАВАТЕЛИ, КОЛЛЕГИ!

Мы стоим на пороге новой эпохи модернизации КазНУ.

Это исторический момент для нашего вуза.

Нам предстоит сделать огромную работу, чтобы перезагрузиться и полностью трансформироваться в исследовательский университет.

Это будет новый уровень развития, где наша альма-матер должна конкурировать с самыми сильными университетами мира.

Президент страны поставил перед вузом конкретные цели и задачи, и для их осуществления нам необходимо сплотиться и приложить все усилия для их выполнения.

В связи с этим, разрешите представить и ознакомить вас с новым проектом по развитию и модернизации КазНУ.

 

ПРОБЛЕМНЫЕ ВОПРОСЫ, ТРЕБУЮЩИЕ РЕШЕНИЯ.

Первое. На территории кампуса расположены 17 общежитий с проектной мощностью 5,5 тыс. койко-мест.

С момента ввода в эксплуатацию общежитий прошло свыше 30 лет.

Во многих из них капитальный ремонт не проводился со дня сдачи в эксплуатацию.

Уровень комфортности в студенческих общежитиях низкий, помещения изношены и нуждаются в ремонте, коммуникации находятся в аварийном состоянии.

Указанные обстоятельства вызывают обоснованные нарекания и жалобы со стороны студентов.

Требуется капитальный ремонт и реконструкция общежитий.

Второе. Для обеспечения нуждающихся студентов местами в общежитиях университет необходимо дополнительно 12 тыс. койко-мест.

Строительство современных общежитий позволит обеспечить жильем нуждающихся студентов и повысить привлекательность казахстанского образования.

Третье. Физически и морально устаревшие учебные корпуса университета не отвечают современным требованиям по дизайну и наполнению.

Изношены инженерные сети и коммуникации.

Учебные аудитории не позволяют проводить занятия в соответствии с современными требованиями образовательно-научного процесса.

Необходимо проведение капитального ремонта учебных корпусов.

Четвертое. Университет имеет 18 учебно-лабораторных корпусов, в которых размещены факультеты и научные подразделения.

При этом, ряд факультетов размещены в корпусах, построенных в 1950-х годах и расположенных отдаленно от основного кампуса.

Указанные обстоятельства приводят к образовательному неравенству среди студентов, обучающихся в одном университете на разных факультетах.

Также, высокий уровень интернационализации предполагает присутствие достаточно большого количества иностранных преподавателей и студентов и зарубежных делегаций в университете.

 Требуется строительство новых учебных корпусов (предварительно учебные корпуса для 6 факультетов).

Пятое. В настоящее время порядка 2 тыс. преподавателей и сотрудников университета нуждаются в жилье.

Данное обстоятельство является серьезным фактором, оказывающим влияние на повышение кадрового потенциала и качества образования в целом.

 Также, необходимо учитывать высокую ценовую политику на недвижимость в городе Алматы.

Для удержания кадров, а также привлечения и поддержки молодых талантливых специалистов, требуется строительство служебного жилья.      

 

Құрметті әріптестер!

Өздеріңіз слайдтан көріп отырғандай, қалашықты қайта жаңғырту жоспары дайын тұр.

Оны жүзеге асыруға Мемлекет басшысы қолдау білдірді.

Құрылыс басталып кеткен жерді қайтару мәселесі қарастырылуда.

Бұдан бөлек, 2024 жылға қарай университет еліміздің ғылыми-техникалық дамуының перспективті деген бағыттары бойынша 650-ден астам ғылыми жобаны қолға алады.

 Ғылыми жобалардың нәтижелерін экономиканың нақты секторына айналдыру 20-ға жуық спин-офф компанияларын құру арқылы іске асады.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫ-ҒАЛЫМДАР,

ПРОФЕССОР-ДОКТОРАНТТАР!

Президент өз сөзінде білім сапасын түбегейлі жақсарту және ғылымның еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосатын үлесін арттыруды баса айтты.

Сонымен қатар бүгінгі қоғамда адами құндылықтардың негізгі қағидалары салтанат құруы үшін университеттегі ұжымдық иммунитет пен гуманистік тәрбие қалыптастыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

 Сондықтан біздің алдымызда ауқымды жұмыстар, жарқын мақсаттар күтіп тұр.

Осы жолда күшіміз бірлікте екенін көрсетіп, бірлесе жұмыс істейік.

Сіздердің университет игілігі үшін жұмыла кірісіп, ауызбіршілік танытатындарыңызға сенемін.

Сіздерге айтар тағы бір жаңалығым, бүгін сағат 11-де барлықтарыңызға 100 мың теңге сыйақы аударылды.

Бұл таза қолдарыңызға тиетін қаражат.

Құтты болсын!

Слайдта көріп отырғандарыңыздай,  2021 жылы 234 ғалымға 75 млн, екінші 271 авторға 85 миллионнан аса, жалпы сомасы 160 млн-ға сыйақы берілді.

 Биыл сіздердің еселі еңбектеріңіздің арқасында бұл қаражат 200 млн-ға жететін шығар деп ойлап отырмыз.  

Қазір кездесуімізді сұрақ-жауап форматымен жалғастырсақ.

Ортада тұрған микрофондарға жақындап, сұрақ қоюларыңызға болады.