ҚР ҰҒА Әлеуметтану бөлімі отырысындағы сөзі

8 november, 2022

Құрметті әріптестер,

Құрметті бөлім мүшелері! 

Ұлттық ғылым академиясы Әлеуметтану бөлімінің  кезекті отырысы бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтуде.

Кезекті отырысымызға  Алматы қаласында тұратын академиктер мен корреспондент-мүшелер шақырылды.

Сонымен қатар бөлім мүшелері онлайн режимінде де қатысуда.

Қажетті кворум бар. 

Отырысымызды ашық деп жариялаймын.

Біздің бүгінгі отырысымызға ҚР ҰҒА президенті , академик Мұрат Жұрынұлы қатысуда.

Қазіргі уақытта Әлеуметтік бөлімде 43 академик пен 18 корреспондент-мүше  тіркелген.

Кеше ғана «Ғылым ордасы» ғимаратында көрнекті ғалым, академик Пірәлиев Серік Жайлауұлын ақтық сапарға шығырып салдық. 

Үнсіздік жариялап, ардақты әріптесімізді еске  алайық. Рахмет.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ғылыми қауымдастықтың алдына жаңа міндеттер жүктеп отыр.

Бүгінгі өркениет өлшемі ғылым мен білімнің даму көрсеткішіне байланысты.

Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды қалыптастыруда, бәсекеге қабілетті қуатты экономика құруда ғылымның ықпалы зор болуы тиіс.

Ол үшін алдымен кең ауқымды әлеуметтік зерттеулер жүргізілуі тиіс.

Қазіргі уақытта Әлеуметтік бөлім мүшелері  қоғамдық және гуманитаралық ғылым салаларының  көптеген  бағыттары бойынша жұмыс атқаруда.

Бүгінгі қоғамдағы әлеуметтік проблемалар сан салалы терең зерттеулерді қажет етеді.

Сондықтан қоғам, қоғамда болып жатқан түрлі процестер және адам ресурстары – ғалымдарымыздың зерттеу жұмыстарына арқау болып отыр.

Әлеуметтік ғылымдар мен гуманитарлық ғылымдардың басты айырмашылығы – ол зерттеу объектілері.

Қоғамдық ғылымдыр қоғамды зерттесе,  гуманитаралық  ғылымдар адамды зерттейді.

Біздің бөлімнің ғалымдары  педагогика, тарих пен археология, этнология, философия, политология, социология, құқықтану, экономика, әдебиет, тіл, өнер салаларында  өздерінің ғылыми зерттеулерін жүргізуде.

Нәтижесін конференцияларда, семинарларда бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап отырады.

Айта кету керек, біздің бөлім мүшелері өте белсенді, қоғамда болып жатқан барлық процестерге  қатысып, өз пікірлерін білдіріп жатады.

Заман талаптарын ескере отырып, біз бағытты жүйелі жалғастыра беруіміз кереку.

Бүгін осы айтылған бағыт-бағдар аясында нақты  мәселелерді анықтап отырмыз.

Бірініші сөз  – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының отандық ғылымды  дамытудағы орны туралы   ҚР ҰҒА президенті, академик Жұрынов Мұрат Жұрынұлына беріледі.

 Келесі сөз – ұлт ұстазы А.Байтұрсыновтың шығармашылық мұрасы аясында қоғамдық-гуманитарлық  ғылымнын  одан  әрі дамыту мәселелері бойынша тарих ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі  Қойгелдиев Мәмбет Құлжабайұлына беріледі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлау алдындағы бағдарламасындағы гуманитарлық ғылым мен тіл тұғырын үрдітудегі  негізгі  басымдықтар туралы ұсыныс-пікір білдіру үшін келесі сөз филология ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі Құрманалиев Кәрімбек Арыстанбекұлына беріледі.

Отырысымызда айтылған осы үш мәселе бойынша қосымша ұсыныс-пікірлеріңізді тыңдауға дайынбыз.

Біз әлеуметтік ғылымдағы әлемдік тәжірибелерді ескеруіміз керек.

Біздің зерттеулеріміздің нәтижесінде ел экономикасын дамытуға жол ашатын жаңа ұсыныстар енгізілуі тиіс.

Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ғылым жолындағы еңбектеріңізге табыс тілеймін!