Сіз, жоғары кернеулі импульстік плазмалық үдеткіштер зертханасында жұмыс істейтін экспериментатор қыздарды бұрын-соңды көз алдыңызға елестететіп көрдіңіз бе?!
Қоғамдағы гендерлік стереотиптерге қарамастан, ғалым әйелдердің табиғат заңдылықтарын зерттеуге қосқан үлесі әлемді әлдеқайда ерте мойындатты. Нобель сыйлығының тарихындағы тұңғыш әйел, белгілі Мария Склодовская Кюри радиоактивтілік принциптерін ашып, XIX ғасырдағы жаратылыстану ғылымында ұлы төңкеріс жасады.
Импульстік плазмалық үдеткіштер – бұл жоғары температуралы плазма ағынын алуға арналған эксперименттік қондырғылар. Олар ғарыш, термоядролық энергетика, өндірістік технология салаларында үлкен маңыздылыққа ие. Мұндай қондырғылармен жұмыс істеуге, әсіресе, қыз балаларымыз қатты сескенеді. Дегенмен, ҚазҰУ-інде осы бағытта зерттеулер жүргізіп, үлкен жетістіктерге жетіп жатқан бірқатар магистрант, докторант қыздарды кездестірдім. Олар жұмыстың барлық күрделілігіне, қиындығына, қауіптілігіне қарамастан, ерлермен қатарласа жүріп, бірқатар зерттеулер жасап та үлгерген (плазмалық ағынды диагностикалау, плазмалық ағынның материал бетімен әсерлесуін зерттеу, наноматериалдарды алу және т.б.).
Эксперимент нәтижелеріне гендердің әсері еш уақытта болмайды, ол кез келген адамның интеллектуалдық қабілеттерімен ғана анықталады. Бұл жерде ең маңыздысы жаңаны тануға ұмтылыстың, мақсаттың болуында.
Әйгерім ТӘЖЕН,
Физика-техникалық факультеттің аға оқытушысы