ҚазҰУ қалашығы құрылысы ІІ кезеңінің басталуына арналған естелік капсуланы салу рәсіміндегі сөзі

13 april, 2023

Құрметті Саясат Нұрбекұлы!

Құрметті әріптестер, білім алушы жастар!

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне қош келдіңіздер!

Бүгін біздің университетіміз үшін ерекше тарихи күн.

Бүгін біз ҚазҰУ қалашығын жаңғыртудың екінші кезеңін бастағалы отырмыз.

Бұл жоспардың ауқымы өте үлкен.

90 жылдық тарихы бар білім ордасы студенттер кампусының іргетасы қаланғанына былтыр 50 жыл болды.

Халқымыздың қайраткер тұлғасы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев бұл құрылысқа ерекше мән берген.

ҚазҰУ қалашығын салуда профессор Асқар Закарин, академик Өмірбек Жолдасбеков, архитектор Тарас Төлегенов сияқты кәсіби құрылысшылар атсалысты.

Бүгінгі университет ұжымы ұлы тұлғаларымыз бастаған игі істерін жаңа бағытпен жалғастырып келеді.

Осы уақыт аралығында университет дамыды, өркендеді, жаңа факультеттер ашылып, қанатын кеңге жайды.

Жоспар бойынша қалашықта оқу ғимараттары, әкімшілік корпустар, қызметкерлерге арналған тұрғын үйлер салынады.

Инновациялық орталық пен технопарк және студенттер мен магистрларға, докторанттарға арналған жатақханалар бой көтереді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы 1 маусымда оқу ордасына келген сапарында ҚазҰУ қалашығы құрылысының екінші кезеңін іске асыру жоспарын қолдаған болатын.

ҚазҰУ еліміздегі іргелі, көшбасшы оқу орны ретінде әлемге танымал.

Еліміздің және шетелдің көптеген жастары заманға сай білім алу үшін Қазақ ұлттық университетін таңдайды.

Бүгінде оқу ордасында 24 мыңнан астам студент бар.

Шәкірттеріміздің алаңсыз білім алып, маман болып шығуы үшін талапқа сай жатақханамен қамтамасыз ету – басты мәселе.

Сол себепті студенттер қалашығында үш гектар аумақта 12 мың орындық жатақхана салуды жоспарлап отырмыз.

Біз ҚазҰУ-ды жаңғыртудың жаңа дәуірі қарсаңында тұрмыз.

Студенттер қалашығын жаңғыртудың екінші кезеңінде жасалатын жұмыстың бәрі сіздердің игіліктеріңіз үшін.

Осы жатақханада тұрып, оқу корпустарында біліммен қаруланып, ертеңгі күні елге қызмет етеді деген үлкен үмітіміз, зор сеніміміз бар.

Біз осы сөздерімізді «Болашаққа хат» ретінде «Естелік капсулаға» салып,  ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қол қойдық.

Бұл – университет үшін тарихи сәт.

 

Уважаемые гости, коллеги и студенты!

 

Университет уделяет огромное внимание дальнейшему развитию учебного заведения.

Разработана программа развития университета на 2022 – 2026 годы.

В программе предусмотрено строительство на территории кампуса университета:

         - учебных корпусов на 14 770 мест;

         - административных корпусов площадью 12 000 кв. м.;

         - научно-исследовательских центров;

         - центра инновации;

         - технопарка;

         - больницы и поликлиники общ. площадью 35 000 кв. м.;

         - спортивно-оздоровительных зон общей площадью 3000 кв. м.;

         - общежитий для студентов, магистрантов и докторантов на 12 000 койко-мест;

        - а также произвести реконструкцию существующих общежитий, учебных корпусов, административных зданий и сооружений.      

На территории кампуса учебного заведения расположены 16 общежитий общей площадью 97 492 м2, проектная мощность которых составляет 5434 койко-мест.

В прошлом году, за счет принятых мер по частичной перепланировке комнат в общежитиях увеличилось количество мест.

В настоящее время в общежитиях университета проживают 5840 студентов, магистрантов и докторантов.

Несмотря на принятые меры, на сегодня актуальной проблемой продолжает оставаться обеспечение студентов местами в общежитиях.

В  университете обучаются 24 510 студентов, в том числе 18 253 или 74 процента иногородние.

Местах в общежитии нуждаются 12 413 студентов. В связи с чем, многие из них вынуждены проживать в хостелах, на съемных квартирах.

С целью устранения дефицита мест в общежитии обучающихся и с учетом приоритетности их строительства университетом принято решение о реализации плана второго этапа строительства кампуса учебного заведения.

В послании народу Казахстана Глава государства Токаев Касым-Жомарт Кемелевич уделил особое внимание вопросу обеспечения студентов общежитием.

Для решения указанной проблемы призвал активно внедрять механизм государственно-частного партнерства с высшими учебными заведениями и строительными компаниями.

Наличие общежитий должно быть одним из критериев доступа частных вузов к государственному финансированию.   

В настоящее время университет проводит последовательную и целенаправленную подготовительную работу для начала строительства общежитий для студентов, магистрантов и докторантов.

С целью определения земельного участка для строительство общежитий специалистами обследована территория кампуса университета. 

Обследованием установлено, что на 72,4 га земельного участка учебного заведения застройка зданий и сооружений  составляет 12 га.

На свободных земельных участках от застройки специалистами определен 3 га земли, на котором планируется построить 12 зданий общежитий, состоящих из 9 этажных зданий, рассчитанных на 12 000 койко-мест.

Следует отметить, что в университете созданы все необходимые условия для реализации строительства общежитий в установленные нормативными актами сроки. 

Сегодня, в торжественной обстановке приступаем к началу работ по строительству общежитий для студентов, магистрантов, докторантов университета.

 

 

Құрметті қонақтар, әріптестер, білім алушы жастар!

 

Университет қалашығы бүгінде жаңа заман талабына сай жаңаруда.

Ескірген оқу ғимараттары мен жатақханаларды күрделі жөндеуден өткіздік.

Қалашықтың заманауи инфрақұрылымын жан-жақты дамыту бойынша жұмыстар әлі де жалғасуда.

Бүгін басталғалы отырған құрылыс жұмыстары да ҚазҰУ-дың болашағы үшін атқарылып отырған игілікті жұмыстардың бірі болмақ.

Келесі жылы университетіміздің құрылғанына 90 жыл толады.

Алдымызда ауқымды жоспарлар көп.

ҚазҰУ қалашығы мерейлі белесіне заманауи келбетімен, жаңарған қалпымен қадам басып барады.

Көшбасшы университетіміздің іргесі берік, абыройы асқақ болсын!