Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары Тяньцзиньде өткен (Қытай) Инновациялар мен биоиндустрияны дамыту жөніндегі халықаралық форумда

16 қараша, 2023

2023 жылғы 9–10  қараша аралығында Қытай ғылым академиясының (CAS)Тяньцзинь өндірістік биотехнология институтының (TIB CAS), Синтетикалық биотехнология ұлттық инновациялық орталығы, «Белдеу және жол» халықаралық ғылыми ұйымдар альянсы (ANSO) және Ғылым мен технологияның тұрақты дамуының оңтүстік комитеті (COMSATS) демеушілігімен Тяньцзинь қаласында (Қытай, Тяньцзинь) «Инновациялар және биоиндустрияны дамыту» атты халықаралық форум өтті.

Халықаралық форумның тақырыбы – «Биотехнология саласындағы озық жетістіктермен алмасу және жаһандық биоэкономиканың өркендеуіне ықпал ету». Биоөндіріс экологиялық таза және төмен көміртекті өнеркәсіптік өндіріс маршруттарын құруда және климаттың өзгеруін басқаруда жоғары потенциалға ие өнеркәсіптік биотехнологияға негізделген озық өнеркәсіптік модель екені белгілі. Өндірістік биотехнология сапалы және тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамуды қолдайтын және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізуге бағытталған маңызды күшке айналды.

Бұл іс-шараға Германия, Дания, Сингапур, Беларусь, Пәкістан, Иран сияқты «Белдеу және жол» бастамасына қатысушы 20-ға жуық елден 300-ден астам адам, сондай-ақ халықаралық ғылыми-техникалық ұйымдардың басшылары, дамушы елдердің академиктері мен сарапшылары қатысты. Қазақстаннан халықаралық форумға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультеті мен химия және химиялық технологиялар факультетінің ғалымдары қатысты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультеті мен химия және химиялық технологиялар факультетінің атынан 2021 жылдың 14 сәуірінде Биотехнологиялық өндіріс альянсына қосылды және 27 елдің университеттері мен ғылыми-зерттеу институттарын қамтитын COMSATS Өндірістік биотехнологияның біріккен орталығының (CCIB) мүшесі болып табылады. CCIB БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізу үшін COMSATS мүше елдер арасында бірлескен зерттеулер мен әзірлемелерді, академиялық алмасуларды, қызметкерлерді оқытуды, ғылым және технология бойынша кеңес беру қызметтерін және технологияларды тасымалдауды ынталандыратын тәсілдер арқылы кедейлік, аштық және азық-түлік қауіпсіздігі, ауру, энергетикалық дағдарыс және экологиялық проблемаларды тиімді шешуге тырысады. Биотехнологиялық өндіріс альянсының мүшелері ретінде екі факультеттің ғалымдары Тяньцзинь өндірістік биотехнология институтының (TIB CAS) ғалымдарымен белсенді ынтымақтастықта. Қазір олар Tianjin SynBio бағдарламасының қаржылық қолдауымен био-ауыл шаруашылығы саласында бірлескен зерттеулер жүргізуде.

Сонымен қатар, халықаралық форумда биология ғылымдарының докторы, биотехнология кафедрасының профессоры Б.К.Заядан «Перспективті фототрофты микроорганизмдер және олардың биоөндіру үшін биотехнологиялық потенциалы» тақырыбында баяндама жасады.

Ол COMSATS бірлескен өндірістік биотехнология орталығының (CCIB) Консультативтік комитетінің мүшесі болып табылады. Форумның ашылу салтанатында Тяньцзинь өнеркәсіптік биотехнология институты профессор Б.К.Заяданға шақырылған профессор ретінде тағайындау туралы куәлікті салтанатты түрде табыс етті.

Биология және биотехнология факультеті деканының ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары, б.ғ.к., доцент Садвакасова А.К., COMSATS Өндістік биотехнологиялар біріккен орталығының Техникалық консультативтік комитетінің мүшесі және «Belt and Road» жас таланттар бағдарламасының стипендиаты ретінде синтетикалық микробтық тыңайтқыштарды әзірлеу және зерттеу саласында Тяньцзинь өндірістік биотехнология институтының (TIB CAS) ғалымдарымен белсенді бірлескен жұмыс істейді. Оның халықаралық форумда «Фототрофты микроорганизмдердің көміртегі бейтараптығына қол жеткізу және биоөнімдерді өндіру потенциалы» тақырыбындағы баяндамасында көміртегі ізін азайту үшін микробалдырлар мен цианобактерияларды, олардың негізінде және экологиялық таза биоөнімдерді алуға бағытталған офсеттік жобаларды әзірлеу, оның ішінде биологиялық отынның әртүрлі түрлерін өндіруде пайдаланудың негізгі түйіндері ашылды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Дәрілік өсімдіктер ғылыми-зерттеу орталығының директоры, химия және химиялық технология факультетінің профессоры Жеңіс Жанар да COMSATS Өндірістік биотехнология біріккен орталығының Техникалық консультативтік комитетінің мүшесі болып табылады. Оның баяндамасы «Қазақстанның өсімдік ресурстарының фитохимиялық және фармакологиялық зерттеулері» тақырыбында болды. Баяндама барысында Жеңіс Жанар орталықтың ғылыми жұмысымен таныстырып, «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КЕАҚ Дәрілік өсімдіктер ғылыми-зерттеу орталығының базасында өсімдік шикізаты негізінде инновациялық өнімдердің шағын өндірісі ашылғанын және биологиялық белсенді қоспалар мен шөп шайларының пилоттық партиялары шығарылғандығын айтты. Қазіргі уақытта өнімдерді мемлекеттік тіркеу және сәйкестікті декларациялау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, профессор Жеңіс Жанар алдағы уақытта бірлескен ғылыми жұмыстарды, жас мамандарды екі жақты оқытуды және өсімдік шикізаты негізінде инновациялық өнім өндірісін бірлесіп дамытуды ұсынды.

 

Форум аясында COMSATS Өндірістік биотехнология біріккен орталығының Консультативтік-техникалық комитеті мүшелерінің екінші отырысы өтті, оның барысында Тяньцзинь өндірістік биотехнология институтының (TIB CAS) вице-президенті, профессор Джинбин Сун Бірлескен ғылыми-зерттеу және өнеркәсіптік кооперацияға назар аудара отырып, биоөндірістегі инновациялар бойынша ынтымақтастықты одан әрі жақсарту туралы қызықты пікірталаспен аяқталған CCIB екі жылдық жұмысының нәтижелері туралы баяндама жасады. Мемлекетаралық мақсатты бағдарламалар шеңберінде ғылыми жобаларды бірлесіп жүзеге асыру өзара ынтымақтастықты тереңдету мен кеңейтуге, сондай-ақ жоғары технологиялар саласындағы өзара тиімді жобаларды жүзеге асыруға және жоғары технологиялар саласында оларды жүзеге асыру үшін үлкен нәтижелер мен мүмкіндіктер алуға мүмкіндік береді.