Мақсат – биологияны терең зерттеу

1 желтоқсан, 2023

Ұйымдастырылған дөңгелек үстел ҚазҰУ-дың биология және биотехнология факультеті студенттерінің білім алу деңгейін анықтауға, қазіргі таңдағы биология саласындағы маңызды мәселелерді талқылауға және студенттік өмірдің бет-бейнесін ашуға бағытталды. Сұхбат берушілер атал­мыш факультеттің 2-курс студенттері: Диляра Жұмаділова, Арай­лым Жұманова, Назерке Кемал.

– Қазақ ұлттық универ­си­тетіне түсулеріңіздің басты себебі қандай? Биология мамандығын неліктен таңдадыңыздар?

Назерке: Менің биологияға деген қызығушылығым 11-сы­ныпта басталды. Сол кездің өзінде көптеген универлерді аралап шықтым. Десе де, осы ұлттық университетті таң­да­ғаныма өкінбеймін.

Арайлым: Осы мамандыққа қызығушылығым әпкемнің ма­ман­дығына деген қызығу­шы­лық­тан басталды. Ол Қазақ ұлт­тық университетінде био­ло­гия және биотехнология фа­куль­тетінде оқып, академиялық ұтқырлық арқылы шетелде, Франция мен Италияда білім алып келді. ҰБТ-ға дайындалу барысында биологияға деген ынтам одан әрі ашыла түсті.

Диляра: Негізінен, 11-сы­ныпта педагогика маман­ды­ғына қызыққанмын. Кейінірек осы факультеттің ғылыми ба­ғы­тына түстім. Биология ма­ман­­дығының салаларын жан-жақ­ты зерделеп оқыту се­­­бе­бінен, ма­гистратурада пе­­­­дагогика бағытын оқып, ке­ле­шекте қалауым бойынша жұ­­мыс атқара алатыным қуан­та­ды.

– «Жылдар өтсе мейлі ғой, өте берсін! Сәттер өтіп барады, осы қиын!» де­мек­ші, қазіргі студенттік өмір қалай өтуде?

Назерке: Қазіргі таңда био­ло­гия мамандығының сала­ла­рын өтіп жатқандықтан, сабақ барысы өте қызықты. Бүгінде биохимия, ботаника, зоология са­лаларын зерттеудеміз. Сту­дент­тік өмірімізді барынша саналы түрде өткізудеміз.

Диляра: ҚазҰУ студенттік ұйымдарымен де танымал. Біз үшеуміз де «Сенат» деген ұйым­дамыз. Бұл ұйым әр фа­куль­тетте «мәслихат» деп бө­лі­нетіні белгілі. Сабақтан тыс уақытта студенттік өмірімізді қызықты – tea timе, teambuiling сынды жобалармен өткіземіз.

– Бұл ұйымдарға мүше болу сабақтарыңызға кедергі келтірмей ме?

Арайлым: Кедергі келтір­мей­ді. Бәрін қатар алып жүру қолымыздан келеді. Белсенді болу бізге жаңа, жақсы орта бе­реді. Соның арқасында бас­қо­сулар, жиындар ұйым­дас­тырып, көңілімізді көтеріп, уа­қытымызды тиімді өткізе аламыз.

Диляра: Бұл ұйымдарға қа­ты­су арқылы студент өзінің өне­рін ортаға салып, ішкі да­ры­нын жетілдіре алады. Өзім ұйымға қосылып, суретшілік қабілетімді ояттым.

– Сабақ уақытында қан­дай зертханалық тә­­­жі­ри­бемен айналы­са­сыздар?

Арайлым: Қазір біз биоло­гия, гистология, биохимия, зоо­логия, ботаника сынды пән­дерді оқимыз. Жасуша та­қы­рыбын толығымен қарас­тырып, күн сайын білім дең­гейін бір сатыға көтереміз.

Назерке: Сонымен қатар біз­де 1-курстан кейін далалық практика өткізілді. Ол жерде теориямен оқығанды көзбен көрдік. Өсімдіктерді зерттеп, олар­дың систематикасын жат­тап, қызықты ақпарат жинадық.

Диляра: Зертханалық жұмыс­тарда шаян, тыш­қан­дардың іш құрылысын, меха­низ­мін зерттейміз.

– Факультетте елең етер қандай жаңалықтар бар?

Арайлым: Екінші курста бел­гілі бір студенттер сабақ ба­рысында ғылыми жұмыс­тар­мен айналысады. Мысалы, олар түрлі бактериялардың штам­дарын жасап, көптеген зерт­теулер жүргізеді.

Диляра: Генетиканы алсақ, біздің құрбыларымыз шыбынның көбеюін зерттейді. Өз әлеуметтік желілерінде тәжірибелерімен бөліседі.

Назерке: Зоология кафе­дра­­сында үлкен мұражай бар. Онда бұрынғы жануарлардың қалдықтары, өсімдіктер жи­нақ­талған. Жақында сол мұра­жай­ды көріп, оқуға деген зейі­ні­міз ашыла түсті, сіздерге де көруге кеңес беремін.

– Болашақта биология­ның қай саласын меңгеруді жоспарлап отырсыздар?

Назерке: Мен ботаника са­ласын таңдаймын. Себебі мені өсімдіктер, олардың тіршілігі қызықтырады.

Арайлым: Гистология ұлпа­лар­ды зерттейді. Болашақта экстракорпоралды ұрықтан­дыру бағытынды жұмыс істеп көргім келеді. Ол жасанды түр­де ұрықтандыру, сәбиді дү­ниеге әкелу жолдарын қарас­ты­ратын бағыт екенін айта ке­тейін.

Диляра: Ботаника бағытын­да тіпті бизнес ашуға мүмкіндік бар. Шай өндірісі, дәрілік өсім­д­іктерді шығаруға болады. Мы­салы, Корея косме­тика­сы­мен белгілі. Олардың барлығы біз сияқты биологтар мен биз­нес иелерінің бірігуімен өнді­рі­леді. Бұл жұмыс біздің де қо­лымыздан келетіндіктен, бо­та­никаны таңдаймын.

– Сәттілік серік болсын, қыздар!

Альмира БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,

журналистика факультетінің 2-курс студенті