Докторанттарды ғылыми-ізденушілік қызметке бағыттау

10 желтоқсан, 2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық унверситеті зерттеу университеті статусын иеленуі білім беру бағдарламаларын кеңейтуді, оның ішінде магистратура мен декторантурадеңгейлерінде ғылыми қызметкерлер даярлауға бағытталған бағдарламалар санын ғана арттырып қоймайды, оларды дайындау талаптарын да күшейте түсті. Экономика және бизнес Жоғары мектебінің «Қаржы және есеп» кафдерасы «Қаржы» және «Есеп және аудит» білім беру бағдарламалары бойынша бакалавриат, магистратура, және докторантура деңгейлерінде мамандар даярлайды. 2023-2024 оқу жылында «Есеп және аудит», «Қаржы»докторантура деңгейінде білім беру бағдарламалары бойынша Мемлекет тарапынан ұсынылған гранттар толық игерілген болатын. Білім беру бағдарламалары бойынша докторантурада алғашқы оқу жылының бірінші семестрі ғалымдар үшін теориялық дайындықты көздейді, оның ішінде академиялық жазу дағдысын қалыптастыру, ғылыми-зерттеу әдістерімен қаруландыру, кәсіби құзыреттілікті қылыптастыратын профильді пәндерді оқып үйрену, оларды тәжірибемен ұштастыру мәселелері қамтылған. Кейінгі семестрлерде ғылыми-зерттеу мақсатында бекітілген тақырыптар бойынша ғылыми-ізденушілік жұмыстарын жүзеге асыру, диссертацияны жазу барысында ғылыми мақалаларды ретімен жариялау, конференцияларда өз тұжырымдамаларын кеңінен талқылауға ұсыну сияқты жұмыстар көзделген. 

2023-2024 оқу жылының алғашқы семестрінде кәсіби пәндер бойынша докторанттар тарапынан әртүрлі ғылыми семинарлар ұйымдастырылып, қарастырылған тақырыптар Тұрақты даму мақсаттарымен үйлестіріле отырып талқыланды. Кафедра меңгерушісі А.З. Нурмагамбетова осындай ғылыми семинарлар кафедра жоспарына сәйкес ұйымдастырылып өткізілуі қажет екендігін атап өтті. 

Докторанттарды осындай ғылыми ізденушілік жұмыстарға бағыттау барысында кафедра ПОҚ атсалысуда, олардың қатарында профессор Д.О. Оңалтаев, доценттер Султанова Б.Б., Ердавлетова Ф.К., Керімбек Ғ.Е. атап өтуге болады. Кафедраның 1 курс докторанттары Арыстамбаева А.З., Акимбаева К.Т., Мухамеджанова Ж.С. тарапынан зерттелген Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ 9) «Өнеркәсіп, инновациялар мен инфрақұрылым» бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін салық салу жүйесін қолдану кезінде салықтық есепке алуды ұйымдастыруды жетілдірудің негізгі бағыттары мен  Тұрақты даму (ТДМ 12) бойынша басқарушылық есепке алу жүйесінің үлесін негіздеу, оның ішінде тұтыну мен өндірістің ұтымды модельдеріне көшуді қамтамасыз етумәселелері қызу талқыланды.