Ким Герман Николаевичтің Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтің сұхбатына пікірі
Жаңа жылдың алғашқы күндері «Егемен Қазақстан» газетінде Президентіміздің сұхбаты жарияланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көптеген өзекті мәселелерді көтеріп, жауабын қазақстан қоғамынан күткен еді. Мемлекет басшысының кейбір жауаптары «ыңғайсыз» және бәлкім журналистің пікірінше «жағымсыз» болып көрінгенімен,бәрі ашық, айтылды.
Сұхбат басында Президент Тоқаев отандастарын Жаңа жылмен тағы да құттықтап, 2023 жылды ірі саяси реформалар, әділ және бәсекеге қабілетті экономикалық жүйе құру, әлеуметтік саладағы өзекті мәселелерді шешу тұрғысынан қысқаша қорытындылады. Сондай-ақ еліміздің келесі бесжылдық дамуының негізін қалайтын 2024 жылдың ерекше маңыздылығын атап өтті.
Бұдан кейін Мемлекет басшысы қазақстан қоғамы тарапынан келген журналисттің 21 сұрағына жауап берді. Қаңтар оқиғасының себептері мен одан алар сабақтар, Конституцияны өзгерту бойынша референдум өткізуге қатысты қауесеттер, Қазақстанда саяси тұтқындардың болуы, ел азаматтары тарапынан сынға ұшырау мүмкіндігі сияқты ішкі және сыртқы саясаттың кең ауқымын қамтитын сұрақтар болды. Елбасы бірде-бір сұрақтан жалтармай, өткір бұрыштарды айналып өтпей, тіке жауап берді.
Сұрақтардың екінші блогы экономикаға қатысты болды. Бұл ретте елдің жалпы ішкі өнімі мен жан басына шаққандағы күтілетін ЖІӨ бес жылдағы өсімі, халықтың қарыз ауыртпалығы, инфляция мәселелерін шешу, отын-энергетика саласындағы жағдайға қатысты оптимистік ескертулер қамтылды. Мемлекет басшысы АЭС салу мәселесін жалпыхалықтық референдумға шығаруды ұсынып отыр.
Жеке блокта сыртқы саясат және Ресей, Қытай елдерімен қарым-қатынастар, халықаралық ұйымдарға қатысу және сыртқы саяси оқиғаларға қатысты сұрақтар болды. Мемлекет басшысы өз жауаптарында дипломаттың жоғары құзыреттілігін тағы да растады.
Одан кейін отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес, кадр тапшылығы, жас менеджерлердің тәжірибесі мен білімінің аздығы, архаикадан алшақтап, азаматтардың санасында ілгерілеу жолына көшу туралы көпшілік күткен жан-жақты сұрақтарға жауап алынды.
Жеке сипаттағы сұрақтар да назардан тыс қалмады. Назарбаевтың естеліктерінен алған әсерлері, мемлекет басшысының өңірлерге іссапарлары кезіндегі салтанатты қарсы алуға тыйым салу және қол астындағы қызметкерлерге талап қою туралы айтылды.
Әрбір азамат сұхбатты оқып, Отанымыздың халықаралық аренада жаңа, әділ, табысты және беделді мемлекетке сәтті қадам басуы үшін не істей алатыны туралы ойлануы керек екеніне сенімдімін.
Ким Г.Н. Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Азиялық зерттеу институтының директоры