Жаңа жылдың Бас мақаласы жөнінде

3 қаңтар, 2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың белгілі алаштанушы-ғалым Дихан Қамзабекұлына берген көлемді сұхбаты бүгін еліміздің басты үнпарағы “Егемен Қазақстан” газетіне   “Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек” деген тақырыппен жарияланды.

Бұл мақаланың қоғамдық-саяси маңызы өте зор. Мемлекет басшысы бұл сұхбат-мақаласында 2023 жылғы айтулы оқиғалар мен қоса тарихи оқиғалар төңірегінде де бірқатар пікірлерін білдірді.

Оның ішінде “Алтын орда”, “Қаңтар оқиғасы” төңірегінде де тарихи маңызы бар пікірлерін білдірді.

Президент ол туралы: “Ел тарихында ерекше орны бар тұлғаларға құрмет көрсету дәстүрі еліміздің жалпыұлттық бірегейлігін нығайта түсуге зор септігін тигізе­ді. Биыл әйгілі ғалым Қаныш Сәтбаев­тың туғанына 125, даңқты батырлар Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақым­жан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл то­лады. Сонымен қатар тарихшы­лар­дың пайымдауынша, Жошы ұлысы­ның іргесі қаланғанына – 800 жыл. Мем­лекет­­тілігі­міз­дің тамыры тым терең­де жатқанын әйгі­лейтін осы айтулы датаға орай кең ауқымды зерттеу­лер қолға алынады. Биыл Қазақстан тари­хының көптом­дығын әзірлеу жұмыс­тарын да аяқ­таймыз. Бұл – өзімізден 200-ден астам, шетелден 60-қа жуық маман жұмыл­дырылып, тыңғылықты жасалып жатқан үлкен шаруа.

Осындай маңызды оқиғалардан бөлек, күнделікті атқарылуға тиіс жұмыстар да аз емес. Бұл жылдың ел тарихында қандай орын алатыны барша азаматымыздың ерік-жігеріне де байланысты. Мен жаңажылдық құттықтауымда биыл бәріміз тұтас ұлттың өсіп-өркендеуіне куә болатынымызды айттым. Бірақ осы мақсатқа жету үшін біз бір ел болып, білек сыбана жұмыс істеуіміз керек”, - деген ауқымы терең пікірін білдірді.

Сұхбат-мақала соңында Мемлекет басшысы Республика тұрғындарын Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, еліне деген ыстық ілтипатын білдірді.

Жақыпбек АЛТАЕВ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия Кафедрасының профессоры