«Цифрлық білім беру – филолог маманды қалыптастырудағы стратегиялық бағыт» атты дөңгелек үстел

8 қаңтар, 2024

2024 жылдың 8 қаңтарында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасында «Цифрлық білім беру – филолог маманды қалыптастырудағы стратегиялық бағыт» атты дөңгелек үстел өтті. Жаһандық цифрландыру гуманитарлық ғылымның әртүрлі салаларындағы мамандарға қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертеді, жаңа траекторияларға жол ашады, бұл талқылауды талап ететін өзекті тақырыптарының бірі болып табылады және теориялық, практикалық бағыттағы мәселелердің кең ауқымын қамтиды.  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасында өтткен «Цифрлық даму дәуіріндегі ғылыми зерттеулер және білім беру саясаты» атты Халықаралық ғылыми дөңгелек үстел осы маселелерді талқылауға бағытталды. Шараны Түркология және алтаистика ғылыми-зерттеу институты әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетімен (орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасы) бірлесіп ұйымдастырды. Дөңгелек үстелді өткізуді (KaзПРЯЛ) Қоғамдық бірлестігі қолдады, өйткені іс-шараның сұрақтары цифрлық прогресс жағдайында оқытудың өзекті мәселелеріне сәйкес келді. Оның қатысушылары арасында Қазақстан мен Ресейдің гуманитарлық ғылымдар саласындағы белгілі ғалымдары мен сарапшылары болды, олар цифрлық дамудың ғылыми зерттеулер мен білім беру саясатына ықпалының негізгі аспектілерін талқылады.

Филолог мамандарына арналған дөңгелек үстел, ғылым мен білімнің заманауи сын-қатерлері контекстіндегі өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді, жетекші ғалымдардың тәжірибе алмасуына және қазақстандық ғалымдардың цифрлық даму дәуірінде табысты инновациялық болашақты құруға бағытталған ұмтылысын көрсетті.