- Басты бет
- Жаңалықтар
- "Халықаралық қатынастардың жаңа геосаяси шынайылығындағы өзекті мәселелері" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
"Халықаралық қатынастардың жаңа геосаяси шынайылығындағы өзекті мәселелері" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Пресс релиз
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультеті Сізді "Халықаралық қатынастардың жаңа геосаяси шынайылығындағы өзекті мәселелері" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға және профессор Ж.О. Ибрашевтің 95 жылдығына арналған V Еуразиялық оқуларына қатысуға шақырады. Іс-шара әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 90 жылдық мерейтойы аясында өткізіледі.
Халықаралық конференцияның мақсаты – қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастар мен Қазақстанның сыртқы саясатындағы көкейкесті мәселелерді, халықаралық құқық, әлемдік экономика, дипломатиялық аударма саласына қатысты мәселелерді талқылау.
Халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция жұмысына шетелдік және қазақстандық зерттеушілер, академиялық және сараптамалық қоғамдастық, ҚР СІМ және т.б. өкілдері қатысады.
Өтетін күні мен уақыты: 23 ақпан 2024 ж., сағат 10:00 – 18:00.
Өткізу форматы:аралас (офлайн / онлайн)
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын
Өтетін орны:әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультеті,№ 226 конференц-залы,
Мекен-жайы: Алматы қ., Қарасай батыр к-сі, 95А.
Басқа жаңалықтар

