- Басты бет
- Жаңалықтар
- Болашағы Біртұтас Ұлт - қазақстандық бірегейліктің іргелі құндылықтары мен рәміздері
Болашағы Біртұтас Ұлт - қазақстандық бірегейліктің іргелі құндылықтары мен рәміздері
2015 жылдың 3-ші маусымында философия және саясаттану факультетінде «Болашағы Біртұтас Ұлт - қазақстандық бірегейліктің іргелі құндылықтары мен нышандары» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараға барлық тілек білдірушілер шақырылды. Конференцияға жетекші ғылыми ұйымдардың, мемлекеттік құрылымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен сарапшылары қатысты.
Бұл ғылыми-практикалық конференцияда Елбасы Н.Ә. Назарбаев ұсынған бес институционалдық реформаларды жүзеге асырудың концептуалдық аспектілері талқыланды. Конференция «100 қадам - бес реформаны жүзеге асыру жоспары», «Қазіргі замандағы бірегейліктің психологиялық мәселелері», «Ұлттық бірегейлік пен Мәңгілік ел идеяларының білім беру мазмұнында көрініс табуы», «Қазіргі замандағы этно-діни және мәдени сәйкестендіру», «Қазақстан жастарының құндылықтары мен бірегейлігі» бағыттарының аясында ұйымдастырылды.
Ғылыми-практикалық конференция әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ректоры М.Ғ.Мұтановтың басшылығымен ұйымдастырылды. Аталмыш конференцияның пленарлық мәжіліс модераторы А.Р. Масалимова болды. Мәжіліс Алматы қаласының ішкі саясат басқармасының басшысы Бокаев Санжардың құттықтау сөзімен басталды.
Конференцияда Болашағы Біртұтас Ұлт - қазақстандық бірегейліктің іргелі құндылықтары мен нышандарына байланысты көптеген қызықты баяндамалар тыңдалып, ортаға пікірлер салынды. «Мысль» журналының бас редакторы Сейдахымет Құттықадам «Болашағы Біртұтас Ұлт» атты баяндамасында тілдің маңыздылығын және тілмен қоса білім болса оданда жақсы дамитындығымыз туралы сөз қозғады. Көп тіл білу – бұл дамудың бірден бір жолы екенін атап өтті. Осы пікірді жалғастыра отырып, филос.ғ.д., Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Р.Б. Әбсаттаров «Мемлекеттік құрылыс аясындағы ұлттық мәселе мен ұлттық қатынастар», Ғылыми комитеті Философия, саясаттану және дінтану институты Философия, саясаттану және дінтану институтының Саясаттану бөлімі меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы М.С. Шайкемелев сияқты ғалымдар «Ғылыми-сарапшылық бірлестіктің тапсырмалары аясындағы қазақстандық бірегейлік» туралы пікірлерін талқыға салды.
Бұл ауқымды іс-шара мәселелерін одан әрі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің оқытушы ғалымдары жалғастырды. Жалпы әлеуметтанулық құндылықтарды зерттеудегі синергетикалық тәсіл туралы қызықты ақпаратымен бөліскен соц.ғ.д., әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының профессоры К.Ү. Биекенов, ұлттық бірегейліктің философиялық қырларын сөз еткен М.Ш.Хасанов, Ұлттық бірлестіктің (сәйкестіктің) психологиялық аспектілерін қозғаған психол.ғ.к. Жарас Сейтнұр, Қазіргі кездегі интеллектуалды ұлттың қалыптасуының негізгі бағдарлары баяндамасын оқыған филос.ғ.д., профессор Ж.Ж. Молдабеков, Әлеуметтік тұрақтылық институционалдық реформаларды жүзеге асыру шарты ретінде өз ойын білдірген саяси ғылымдараның докторы Г.Ө. Насимова және Қазақстандық бірегейліктің іргелі құндылықтарының жоғары оқу орындары студенттерінің болашақ маман ретінде қалыптасуындағы орны туралы Этнопсихология және этнопедагогика орталығының директоры Б.А. Әрінова мазмұнды баяндама жасады.
Конференцияны философия және саясаттану факультетінің деканы А.Р. Масалимова қортындылап, өзекті мәселелер дөңгелек үстел пікір-таласында өз жалғасын тауып жатты.
Философия және саясаттану факультеті