
25 ақпан 2024 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 90 жылдығына орай және БҰҰ ТДМ-3 “Салауатты өмір салтын насихаттау” аясында заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доценті,з.ғ.к. эдвайзер М.Қ. Бисеновамен 2 курс 201 топ студенттерімен әсем қала Алматының ең көрікті “Медеу” мұз айдынына барды. Студенттер “Медеу” мұз айдынының тарихымен танысып, коньки теуіп, 842 сатысын еңсеріп, көркем табиғатты тамашалады.