- Басты бет
- Жаңалықтар
- "6В02301 – Шетел филологиясы (шығыс тілдері)" білім беру бағдарламасының аккредиттеуден кейінгі мониторингы
"6В02301 – Шетел филологиясы (шығыс тілдері)" білім беру бағдарламасының аккредиттеуден кейінгі мониторингы
2024 жылы 22 ақпанда Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (IAAR) сарапшылық тобының әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне онлайн сапары өтті. «6В02301 – Шетел филологиясы (шығыс тілдері)» білім беру бағдарламасына аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізілді.
2022 жылғы қаңтарда бұл білім беру бағдарламасы IAAR-да 5 жыл мерзімге халықаралық аккредиттеуден сәтті өтті (28.01.2022 ж. № 65 хаттама). Бағдарламаны сыртқы сарапшылар кадрлық және материалдық-техникалық ресурстармен толық қамтамасыз етілген бірегей бағдарлама ретінде жоғары бағалады.
Аккредиттеуден кейінгі мониторинг процедурасы әлемдік аккредиттеудегі әдеттегі тәжірибе болып табылады және сарапшылар ұсынымдарының орындалуын және білім беру бағдарламасын дамыту жоспарын іске асыруды бақылауға бағытталған.
Онлайн-сапар барысында сарапшылар осы бағдарламаның табысты жұмыс істегенін, сондай-ақ оның сөзсіз артықшылықтарын атап өтті:
1. Оқытушылар құрамы. Әр кафедрада шығыс тілдерінде сөйлейтін шетелдік оқытушылардың болуы.
2. Кәсіби өсу және жетілдіру мүмкіндіктері (шетелдік тағылымдамалар, біліктілікті арттыру курстары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімге шетелдік гранттар)
3. Жоғары деңгейлі материалдық-техникалық база.
4. Оқу әдебиеттерімен, оның ішінде шығыс тілдеріндегі әдебиеттермен қамтамасыз етілуі.
5. Пәндердің бір бөлігін ағылшын тілінде және көп бөлігін шығыс тілдерінде жүргізу.
6. Жемісті халықаралық байланыстар.
7. Өндірістік, зерттеу және педагогикалық практика базаларының болуы.
8. Студенттер мен ОПҚ-ның академиялық ұтқырлығының жоғары деңгейі.
9. Шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында бірлескен білім беру бағдарламаларын, оның ішінде қос диплом бағдарламаларын іске асыру.