- Басты бет
- Мұражай
- 2024 жылдың ақпан-наурыз айларында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Музейінде университеттің 90 жылдық мерейтойына аясында «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының «Ұлы Жібек жолы және Отырар алқабының қалалық мәдениеті» және «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғасырлар қойнауында» атты көрмелер жұмыс істеді
2024 жылдың ақпан-наурыз айларында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Музейінде университеттің 90 жылдық мерейтойына аясында «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының «Ұлы Жібек жолы және Отырар алқабының қалалық мәдениеті» және «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғасырлар қойнауында» атты көрмелер жұмыс істеді
Бұл теңдесі жоқ тарихи жәдігерлерге бай көрме бір ай ішінде мыңдаған көрермен жинады. Университеттің студенттері, шетел қонақтары кең байтақ жерімізде өмір сүрген, атап айтсақ, сақ дәуірінен ортағасырлық дәуірге дейінгі ата –баба салт дәстүрі, мәдениеті пен рухани құндылықтарына шолу жасай алды
Бұл көрмелердің негізгі мақсаты - еліміздің білімді, ұлтжанды, саналы жастарына тарихы терең хaлқымыздың этнoгpaфиялық жәнe pyхaни, мәдeни мұpaлapын насихаттау еді
Ұлы ойшыл, философ Әбу-Насыр әл-Фарабидің туған топырағынан келген Отырар музейінің көрмесінде – керамикалық бұйымдар, нумизматикалық материалдар, шыныдан жасалған заттар, сирек кездесетін жәдігерлер, ескерткіштерге қатысты аэрофотолар мен карталар қойылып, «Ұлы Жібек жолы және Отырар Х-ХІ ғғ», «Отырар Қарахан дәуірінде», «ХІV- ХV ғғ. Темір дәуіріндегі Отырар», «ХVІ-ХVІІІ ғғ. Отырар Қазақ хандығы тұсында», «Отырардағы жазба мәдениетінің пайда болуы» тақырыптары қамтылды. Барлығы 170 данадан тұратын 80 аталымды археологиялық жәдігерлер қойылды
Есік мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының экспозициясы «Ғасырлар қойнауында» деп аталып, халқымыздың археологиялық, этнографиялық, рухани және мәдени мұрасымен және Алтын адам тарихынан сыр шертетін құнды археологиялық өте құнды жәдігерлермен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды
Көрме экспозициясына ерте темір дәуіріне тиесілі сақ-үйсін мәдениетіне тән қазан, Алтын адамның күміс тостағаны мен түпнұсқа қыш ыдыстары, көне зергерлік бұйымдар, қару-жарақтар және т.б. Қазақстан аумағынан табылған құнды жәдігерлер қойылды
Еліміздің тарихи, рухани, мәдени құндылықтарына толы бұл экспозициялар қонақтарымызға танымдық, әсерлі көңіл күй сыйлады