Қоршаған орта мәселесіне арналған семинар

20 наурыз, 2024

«Қоршаған орта химия­сы» табиғатпен етене байланысқан ғылым ретінде ХХ ғасырдың 70-жылдарында пайда болды.

Бұл салыстырмалы түрде ал­ғанда, қазіргі экологияның жа­ратылыстану-ғылыми не­гізін қалайтын ғылым саласы табиғи физика-химиялық про­цес­терді қамтиды және олар түрлі уақыт шкалаларында қа­лай көрінетінін сипаттайды. Аталған сала классикалық хи­мияның негізгі заңдары мен ұғым­дарына негізделген та­биғи жүйелерді, жинақтау ме­ха­низмдерін, табиғи заттар мен элементтердің транс­фор­ма­циясын, көшіп-қону мүм­кін­діктерін қарастырады.

Химиялық экологиядан айыр­машылығы – ол ғалам­да­ғы және жер бетіндегі хи­мия­лық процестер туралы мәлі­меттер­ді, олардың энергетикалық ба­лан­сы жайлы, сондай-ақ құры­лымы, қасиеттері және ат­мос­фераның, гидросфера мен литосфераның құрамы, олар­дың табиғи күйін, антро­по­гендік әсердің нәтижесінде бол­ған үрдістерді қамтиды. Бұл бі­лім табиғат ресурстарын ұтым­ды пайдалануға, сонымен қа­тар оны қорғау шараларын әзір­леп жүзеге асырудың тиім­ді жо­лын таба білуге үйретуге өте қажет.

Химия және химиялық тех­но­логия факультетінде АҚШ-тың Небраска-Линкольн уни­вер­ситетінің профессоры Да­ниел Сноу (Daniel Snow) жә­не отандық ғалымдардың қа­ты­суымен «Қоршаған орта хи­миясы» тақырыбында ғылыми семинар өтті.

Студенттер жердің геосфе­ра­ларында болып жатқан хи­миялық процестерді зерттей­тін қазіргі заманғы кешенді ғылым ретінде қоршаған орта химиясының негіздері, алуан қабықтардағы табиғи физика-химиялық және биологиялық процестердің өзара байла­ны­сы және оларға адамның әсер ету сипатымен танысты. Со­ны­мен қатар ауа, топырақ, жер­үсті және жерасты суларының лас­тануына байланысты көп­те­ген түйінді мәселелер тал­қы­ланды.

Студенттер тарапынан өз­ек­ті тақырыптар бойынша сан сұрақ қойылды. Қаты­су­шы­лар тұшымды жауап қай­тарды. Сон­дай-ақ адамның тех­но­ген­дік әрекетінің әсе­рі­нен қор­ша­ған ортаның сапасын және оның өзгеруін бағалау дағ­ды­ларын дамыту жайында ақпарат берілді.

Алмагүл НИЯЗБАЕВА,

доцент