Тұғыры биік тұлға

4 наурыз, 2024

Әсем қаламыз Алматының төрінде түркі әлемінің тұғыры биік тұлғасы, Түркия елінің тарихында өшпес із қалдырған, қазіргі түрік мемлекетінің негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүрікке ескерткіш орнатылды. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Түркия Республикасының 100 жылдығына орай, Режеп Тайып Ердоғанның Қазақстанға сапары кезінде көрнекті қайраткерге ескерткіш орнату туралы тапсырма бергенді. 

Мұстафа Кемал Ататү­рік­тің идеялары мен көш­басшылығы әлі күнге дейін бүкіл әлем халқына рух бе­ріп, шабыттандырып ке­ле­ді. Барлық түркі халықтары мақ­тан етер, өнеге тұтар ұлы тұлға. Ол жүзеге асыр­­ған мәдени, саяси, эконо­ми­калық, әлеу­мет­тік ре­фор­малар бүгін де ма­­ңы­зын жоймаған, өмір­шең­дігімен құнды. Мем­ле­кеттің дамуына негіз бо­ла­тын реформаларын басқа елдер де нұсқаулық ре­тінде қолданып келеді. Түр­­кі халқына ортақ даңқ­­ты бабамыз Ататүрікті қа­зақ халқы да ерекше ықы­лас­пен құрметтейді. Ата­­­түрік кезінде Кеңес Ода­ғының құрамында өмір сүріп жатқан туысқан түркі халықтарын ұмытпай, өз халқының есіне салып, өш­пестей өсиет қалдырғанын бәріміз білеміз. Бабамыз­дың 1933 жылы 29 қазанда Түркия Республикасының 10 жылдық мерейтойында сөй­леген сөзі соның бір ай­ғағы. Ататүрік өз сөзінде бы­лай деген: «Бүгін Кеңес­тер Одағы досымыз, көр­ші­міз, одақтасымыз. Бұл достыққа қазір мұқтажбыз. Бірақ ертең не болатынын ешкім білмейді. Дәл Ос­ман­лы империясы Авс­трия, Венгрия сияқты бө­лек-бөлек болып бөлінуі мүм­кін. Бүгін уыстарынан шығармай қысып ұстаған елдерден айырылып қалуы мүмкін. Әлем жаңа кезеңге өтуі мүмкін. Міне, сол кез­де Түркия не істеуі керек еке­нін білуі қажет... Біздің бұл досымыздың қол ас­тын­да тілі бір, сенімі бір, өзі (қаны) бір бауырларымыз бар. Оларды қолдауға да­йын болуымыз керек. Да­йын болу деген сөз – тек сол күнді қол қусырып күтіп отыру емес, дайын­да­луымыз керек. Елдер бұ­ған қалай дайын­да­лады? Рухани көпірді ны­ғайту ар­қылы. Тіл – көпір, сенім – кө­пір, тарих – кө­пір...», «...Шық­қан тегімізге үңіліп, әр­түрлі оқиғалар бөліп та­стаған тарихы­мыз­­ды тү­ген­деп, бірік­тіруіміз керек. Олардың бізге ке­луін күт­пеуіміз ке­рек, олар­ға біз өзі­міз ба­руымыз керек».

Данышпандықпен ай­тыл­­ған риясыз бұл ниет бү­гін айна-қатесіз орын­дал­ды. Кеңес Одағы ыды­рап, Ататүрік айтқандай, уыс­та ұстаған елдер тәуел­сіздігін жариялады. Түркия Қазақстанға құшағын жай­ды, Қазақ елі де түрік бауыр­ларына есігін айқара ашты. Міне, еліміздің қақ төрінен атамызға айбынды ескерткіш орнатылды.

Шынарай БҮРКІТБАЕВА,

PhD

Хаят АРАС,

магистр

Түркітану және тіл теориясы кафедрасы