Дүниежүзілік аутизм проблемасы туралы ақпаратты тарату күні (БҰҰ)

3 сәуір, 2024

2024 жылы 2 сәуірде БҰҰ ТДМ №3: «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» іске асыру шеңберінде және Дүниежүзілік аутизм проблемасы туралы ақпаратты тарату күнінде (БҰҰ), қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының «Шапағат» студенттік волонтерлік клубы және AP14872079 «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудың виктимологиялық мәселелері» ғылыми жобасы ерекше баланың анасына 100 000 теңге көлемінде сертификат табыс етті. 


Акцияның мақсаты:
* Аутизм мәселесі туралы хабардарлықты арттыру.
* АСД бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға қолдау көрсету.
Акция барысында:
* Аутизм мәселесі туралы ақпараттық науқан жүргізілді.
* 100 000 теңге жиналды.


Біз акцияға қатысып, өз үлесін қосқандардың барлығына үлкен алғысымызды білдіреміз!
Біз бірге әлемді мейірімді ете аламыз!