- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ ғалымдары Оңтүстік және Орталық Азиядағы мемлекет құру мәселелерін талқылады
ҚазҰУ ғалымдары Оңтүстік және Орталық Азиядағы мемлекет құру мәселелерін талқылады
Конференция «Оңтүстік Азиядағы ұлттық мемлекет құрудың этникалық, этноконфессиялық дискурсы (Ауғанстан, Үндістан, Пәкістан)» ҚР ҒЖБМ (2022-2024) AP14871064 ғылыми гранттық қаржыландыру жобасы, сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығын мерекелеу аясында өтті. Жоба жетекшісі – профессор Л.Г. Ерекешева.
Конференцияның ашылу салтанатында университеттің Басқарма мүшесі – ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректор Жамила Айтжанова, факультет деканы Наталья Ем сөз сөйледі. Жоба жетекшісі Лаура Ерекешева конференцияға қатысушыларды жобаның негізгі нәтижелерімен таныстырды.
Шара барысында Оңтүстік Азияның (Ауғанстан, Үндістан, Пәкістан) қазіргі қоғамдарындағы ұлттық мемлекет құру процестеріне этникалық және этно-конфессиялық факторлардың ықпалына қатысты мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, этникалық және рулық-тайпалық алуантүрлілік, формалды институттар мен этникалық діни процесстер, бейресми институттар, интеллектуалдық дискурс және этникалық діни процесстер бойынша ерекшеліктер қарастырылды.
Конференцияға Оңтүстік және Орталық Азия бойынша мамандар мен сарапшылар, атап айтқанда, Лондон университеті (Ұлыбритания) Шығыс және Африкатану мектебінің (SOAS) Саясаттану және халықаралық зерттеулер департаментінің зерттеуші ғалымдары - Мэтью Нельсон, Рочана Баджпаи, Бхавна Даве, Азия зерттеулер институтының директоры Султан Акимбеков, Тәжікстанның тәуелсіз сарапшы Рахматулло Абдуллоев, Үндістан ғалымдары, дамушы қоғам зерттеулері орталығынан Хилал Ахмед, Дж.Неру университеті халықаралық зерттеулер мектебінен Санджай Пандей, Камала Неру колледжінің зерттеушісі Майтрий Пандей және басқалар қатысты.
Конференция барысында жобаға қатысушылар Л.Г. Ерекешева, А.М. Мұратбекова, К.Т. Габдуллин, шығыстану факультетінің докторанты Ш.Е. Канафьева және магистрант Т.Урумова жасаған ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен таныстырды. Жобаға жетекші ғалымдар, жас зерттеушілер, оның ішінде докторанттар мен магистранттар да қатысқанын атап өту керек.
Конференцияның жоғары ғылыми-ұйымдастырушылық деңгейінің, талқылаулар мен пікірталастардың ғылыми, білім беру салаларын, қолданбалы аналитиканы дамыту, Оңтүстік Азиятану саласы үшін, сондай-ақ халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту үшін маңызы зор.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі