Репродуктивті медицина саласындағы танымал және құрметті маман, биомедициналық бизнес саласындағы тамаша кәсіпкер. Қазақстан Республикасындағы алғашқы экстракорпоралды ұрықтандыру зертханасының «Экомед» медициналық орталығының меңгерушісі, физиология мамандығы бойынша биология ғылымдарының кандидаты. Қазақстандық адам репродукциясы қауымдастығының президенті, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Ресей Федерациясы Медициналық және техникалық ғылымдар академиясының академигі. 1960 жылы 1 ақпанда Жамбыл облысы Талас ауданында дүниеге келген, орта мектепті осында бітірген. Мектеп оқушысы кезінде-ақ биологиялық цикл пәндеріне (адам физиологиясы мен анатомиясы, зоология) қызығушылық танытып, жоғары бәсекеден сүрінбей өтіп, 1978 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік Университетінің Биология факультетіне оқуға түседі. Мамандық таңдау бойынша тірі табиғат туралы барлық ғылымдардың негізі – биологияға түсуі кездейсоқ емес. Өздеріңіз білетіндей, биология ғылымы химия, физика, математика және шет тілдерін меңгеруді талап ететін ғылым саласы. Университетте Салтанат Берденқызына дәріс берген белгілі ұстаздар: Авазбакиева Магинур Фатқұлқызы, Дюсембин Хабдрахман Дюсембиевич, Тәшенов Казис Тәшенұлы, Удольская Надежда Львовна, Мәсенов Төлеген Мәсенұлы, Шығаева Майя Хажетдиновна, Берсімбаев Рахметқажы Іскендірұлы, Рымжанов Қайырбек Сәкенұлы, Мухитдинов Наштай Мухитдинович, Нуртазин Сабыр Темиргалиевич және тағы басқалар. Салтанат адам және жануарлар физиологиясы кафедрасында маманданған. Профессор Қ.С. Рымжановтың жетекшілігімен 2004 жылы «Экстракорпоралды ұрықтандырудың физиологиялық аспектілері және эмбриондарды жатыр қуысына тасымалдау» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады. Профессор С.Т. Төлеуханов басқаруыменен Адам және жануарлар физиологиясы және биофизика кафедрасы жетекші ұйым ретінде кеңесін беріп кандидаттық жұмысында барынша көмегін көрсетті. С.Б. Байқошқарова Қазақстанда бедеулікті емдеудің алғашқы клиникасын – «Экомед» жасау идеясын ұсынды. Ол бедеулікті емдеу үшін in vitro ұрықтандыруды (ЭКҰ) немесе «пробиркадағы нәрестелер» әдісін енгізді. «Экомед» клиникасында 1996 жылы 31 шілдеде Қазақстандық тұңғыш пробиркамен нәресте дүниеге келді, ал 1995 жылы «Экомед» клиникасы Францияда Қазақстандағы алғашқы ЭКҰ зертханасы ретінде Дүниежүзілік ЭКҰ тізіліміне енгізілді. Клиника мамандары жетекші ресейлік және ресей-американдық бедеулікті емдеу орталықтарында, сондай-ақ Германия, Италия және Израильде тағылымдамадан өтті және өтуде. Емхананың құрылуына 1986 жылы КСРО-да алғаш пробирканы қабылдаған Ресей медицина ғылымдары академиясының Ресей акушерлік, гинекология және перинатология орталығының клиникалық эмбриология бөлімінің меңгерушісі, профессор Борис Владимирович Леонов үлкен көмек көрсетті. Айтпақшы, әлемдегі тұңғыш бала 1978 жылы Англияда доктор Ричард Эдвардстың зертханасында дүниеге келген. Сондай-ақ «Экомед» Қазақстандық клиникасының қалыптасуына тікелей ықпал еткен ҚР Президенті жанындағы Медициналық Орталық банкінің бас дәрігері, профессор Б.С. Құралбаев және оның әріптестері ықпал етті. «Экомед» клиникасы жанынан Қазақстандық ұрпақты болу қауымдастығы құрылды. Емхана бедеулікке тап болған жұптарға үнемі кеңес беріп, жүкті болмауға әкеп соқтыратын барлық жағдайларды анықтауға жәнеде оларды емдеуде кеңесін үздіксіз беріп отырады. 2005 жылы әлемде екі миллионшы пробиркадағы сәбидің дүниеге келген күнін мерекелеуге арналған Дүниежүзілік конгрессте Кембриджден келген доктор әлемдегі ЭКҰ негізін қалаушы Ричард Эдвардс Салтанат Берденқызы мен оның командасын «Экомед» клиникасының нәтижелі жұмысы үшін Лондонда құттықтап марапаттады. Қазіргі таңда «Экомед» медициналық орталығында Салтанат Берденқызының үнемі жетілдіруге деген ұмтылысының арқасында әлемде қолданылатын барлық заманауи репродуктивті технологиялар енгізілді. Осы технологиялардың көмегімен дүниеге келген балалар Қазақстанның түкпір-түкпірінде, жақын және алыс шетелдерде тұрады. С.Б. Байқошқарова ынтасымен, еңбекқорлығымен, Отансүйгіштігімен, қайырымдылығымен, өзінің таңдаған ісіне адалдығымен және сүйіспеншілігімен ерекшеленеді. Шалғай ауылдардан материалдық жағдайы нашар әйелдерден бас тартпайды, мүмкіндігінше жеңілдікпен көмек көрсетеді. Соңғы 5 жылда «Хабар» агенттігінің денсаулық сақтау мәселелеріне арналған «Бірінші байлық – денсаулық» телебағдарламасының тұрақты жүргізушісі және кеңесшісі. Салтанат Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Алматы жұлдызы» медалімен марапатталып, ЭКҰ саласындағы алғашқы маман және Қазақстандағы алғашқы ЭКҰ зертханасының ұйымдастырушысы ретінде денсаулық сақтау секциясында Қазақстанның КРКТ рекордтар кітабына енгізілген. А.Л. Чижевский атындағы «Қазақстан Республикаларының Денсаулық сақтау ісінің үздігі» Құрмет белгісімен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Салтанат Байқошқарованың өмір жолы мен кәсіби өсуі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мақтанышы және жастарға үлгі болары сөзсіз.