Білім беру экожүйесі – жаңа тренд

15 сәуір, 2024

Қазіргі білім беруде VUCA-әлемдік парадигмаға көшу жағдайында білім беру экожүйесінің пайда болуы еңбек нарығының (жұмыс берушілер) утилитарлық талаптарымен ғана айқындалмайды, оның түп тамыры қоғамның моральдық-идеологиялық мәселесінде жатыр. 

Тұрақты даму идеяларының белсенді дамуы және әлеу­мет­тік-экономикалық қатынас­тар­дың цифрлық трансфор­ма­циясы білім беру ұйымдарын ұзақ мерзімді даму бағдар­ла­маларын қайта қарастыруға ынталандырады.Тұрақты даму мақ­саттары (ТДМ-4) контек­сін­де білім беру экожүйесін адам­ның өмір бойы білім алу мүм­кін­діктері, қызметкерлердің ци­фрлық технологиялармен жұ­мыс істеу қабілеті (ХХІ ға­сыр дағдыларының әмбебап жиын­ты­ғын қоса), соның ішін­де күр­де­лі мәселелерді шешу қабі­ле­ті, бейімділік пен ком­му­никациялық құзыреттілік сияқ­ты жаңа қабілеті мен моти­ва­циясына жаңа талаптарды қа­лыптастыратын жаппай стан­дартизациялаудан жаппай бірегейлікке көшу ретінде қарастыру керек.

Білім беру экожүйесінен жұ­мыс берушілердің үнемі өз­ге­ріп отыратын талаптары, білім мен дағдылары деңгейін және олардың дамуының мүмкін болатын жолдарын ескеретін оқытудың дербестендірілген бағытын көздейтін кадрларды даярлаудың жаңа тәсілдерін әзірлеуді талап етеді.

Жоғары белгісіздік жағ­да­йын­да қызметкерлер жұмыс берушілердің өзгеретін талап­та­рына тез бейімделуге және осылайша еңбек нарығында үне­мі сұранысқа ие болуға мүм­кіндік беретін қажетті дағ­дылар мен білімге ие болуы керек. Заман талабына сай болу үшін білім беру жүйесі сыртқы және ішкі байла­ныс­тар­ды ауқымдандырып, қоғам талап еткен өзгерістерге қабі­лет­тілік танытып, қоршаған ор­та мен денсаулықты сақтауға, үздіксіз оқу үдерісіне дайын болуға тәрбиелеу үшін икемді болғаны абзал. Қазір бүкіл әлем­де білім берудің эко­жүйе­лік тәсілін дамытуға қызы­ғу­шылық жоғары.

Білім беру экожүйесі – бұл жеке білім беру ұйымдары мен белгілі бір аумақтардың бә­се­кеге қабілеттілігін қам­та­масыз етуге бағытталған кәсіпқой ма­ман­ның қолынан білімнің, дағ­ды­лардың және тәжі­ри­бе­нің алуантүрлілігін алу қажет­тілік­терін қанағат­тан­дыру мүм­кін­дігі. Бұл факт білім беру эко­жүйе­сін қалып­тас­тырудың ма­­ңыз­дылығын одан әрі арт­ты­рады.

Болашақта білім беруді бол­жайтын ең маңызды және перс­пективалы тенден­ция­лар­дың бірі – қазіргі уақытта жа­ңа­дан пайда бола бастаған түрлі білім беру экожүйелерін құру үрдісі. Экожүйе қалып­тас­қан дәстүрлі білім беру жүйесін алмастырмайды, алайда оны жеке және ұжымдық оқыту үшін көпөлшемді кеңістік құра оты­рып, жаңа форматтар мен бай­ланыс құралдары арқылы «ке­ңей­теді». Әлемдегі заманауи білім берудегі экожүйені қа­лып­тастырудағы таңғаларлық тенденция көпвекторлы ынты­мақ­тастық тенденциясы екені бел­гілі. Ынтымақтастық мәсе­ле­лері басымдыққа айналуда, ол алдағы уақытта сөзсіз жал­ғасын табады.

Әртүрлі деңгейдегі дәстүрлі білім беру ұйымдарын бір ын­ты­мақтастыққа байла­ныс­ты­ра­тын тік интеграцияның бұ­рын­нан қалыптасқан нұс­қа­лары да сақталады.

Білім беру экожүйелерінің конфигурациялары әмбебап болмайды. Дүниежүзілік қа­уым­дастық әлі де осы мәселе бойынша пікірталас алаңына тиісті дәрежеде кіріктірілген жоқ. Бірақ бүгінгі таңда білім бе­ру жүйелерінің әртүрлі нұс­қалары бар екені анық.

ҚазҰУ-да әлемдік білім беру кеңістігіндегі жетекші универ­си­теттердің бірі ретінде білім беру экожүйесін қалыптастыру тенденциялары бұрыннан қа­лып­тасқан. Бірлескен білім беру тәжірибелері табиғи түр­де университет ішінде де, фа­культеттер арасында да, кейде білім беру бағдарламалары, сонымен қатар универ­си­тет­тер арасында да қалып­та­са­ды. Бұл желілік негізде ұйым­дасты­рыл­ған бірегей транс­дисци­пли­нарлық білім беру бағдар­ла­маларын жетіл­діруге мүм­кін­дік береді. Мұндай же­лілік өзара әрекеттесу негізгі мақсаттары бойынша көпба­ғыт­ты күрделі өзара әре­кет­тесу арқылы ұжымдық және жеке қажеттіліктерді барынша қанағаттандыруға ықпал ететін бірнеше құрылымды бірікті­ре­тін заманауи білім берудің көл­денең экожүйелерін құра оты­рып, көлденеңінен де жүзеге асы­рылуы мүмкін.

Білім беру экожүйесінің жүйе құраушы факторлары уни­верситет қызметінің мы­на­дай бағыттарын қамтиды:

«Мектеп-университет» ын­ты­мақ­тастығы аясында уни­вер­ситет мектепті бітіретін оқу­шыларға арнап Ашық есік күнін өткізеді. Бұл шараға жыл сайын көптеген мектептердің түлектері қатысады. Сондай-ақ мектептерде «Кәсіби бағдар беру жұмысын» өткізу маңызды бағыт екені анық – бұл уни­вер­си­тет оқытушыларының «са­бақ­тан тыс сессиялары». Ғы­лыми бағыттағы мектептермен ынтымақтастық жасаймыз. Ка­федра оқытушылары жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жоба­лар байқауына қатысатын сту­дент­тердің ғылыми жұ­мыс­тарының жетекшілері болып саналады.

Халықаралық деңгейдегі уни­­верситетаралық ын­тымақ­тас­тықтың бағыттарына сай, Түркия мен Қырғызстанда ҚазҰУ филиалдары ашылды. Бұған МИФИ филиалының ашы­луын да қоса аламыз.

Факультеттік деңгейде – ЖОО аралық пәндік олим­пиа­да­ларды ұйымдастыру (Эконо­ми­ка кафедрасы астаналық ЖОО студенттері қатысқан «Эко­номикалық теория» және «Микроэкономика» пәндері бойынша пәндік олимпиаданы өткізді).

Осы жерде «Қосдипломды» жоғары оқу орындарында білім беру экожүйесін дамыту мен ұйымдастыруды ерекше атап өтуге болады. Экономика және бизнес жоғары мектебі РУДН-мен (Ресей халықтар достығы университеті) ынтымақтастық орнатқан. «Қос диплом» бағ­дар­ламасы аясында экономика мамандығы бойынша магис­трант­тар білім алады. Бұған қоса, Падуа университетімен (Италия) ынтымақтастық жолға қойылған.

Осылайша білім алмасу жә­не ынтымақтастық мәдение­тін қалыптастыратын, сондай-ақ көлденең және тік байла­ныс­тарды қамтамасыз ететін түрлі институционалдық деңгей­лер­де (университеттер, кол­ледж­дер, мектептер, қайырым­ды­лық және коммерциялық ұйым­дар) экономика мен қо­ғам­ның басқа секторларымен байланыстар орнатады. Зерт­теулер мұндай субъектілерге негізінен қоршаған экожүйелік кеңістікті құрайтын универ­си­теттер жататынын растайды.

Айманкүл ЕРЕЖЕПОВА,

э.ғ.к., Экономика кафедрасының аға оқытушысы