Қауіпсіз Интернет Күніндегі қауіпсіздік квестіFarabi University

Қауіпсіз Интернет Күніндегі қауіпсіздік квесті

18 сәуір, 2024

Тұрақты Даму Мақсаттарының 4-тармағы «Сапалы білім беру» аясында «Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика» кафедрасында «Құқықтану», «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының студенттері киберқауіпсіздік саласындағы білімдері мен дағдыларын көрсете отырып, қызықты қауіпсіздік квесті ұйымдастырылды, жеңімпаздарды марапаттау өтті.

Іс-шара виртуалды әлемде хабардарлықты арттыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды. Кафедра меңгерушісі киберқауіпсіздік саласындағы білім берудің маңыздылығын атап өтіп, студенттердің іс-шараға белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді, квест жеңімпаздарына естелік сыйлықтар табыс етілді.

 Көрсетілген шараларды іске асыру нәтижесінде білім алушылардың, педагогтардың интернет сауаттылығын көтеруге, сонымен қатар шараға қатысушылардың интернетті қауіпсіздік күйге келтіруге, болашақ ұрпақ үшін салауатты және қорғалған цифрлық ортаны құруға ықпал етеді.