«Криминалистің үздік альбомы» атты Республикалық байқауының марапаттау салтанатыFarabi University

«Криминалистің үздік альбомы» атты Республикалық байқауының марапаттау салтанаты

18 сәуір, 2024

2024 жылы 05 сәуір күні «Сапалы білім беру» атты ТМД 4-тармағы Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедра оқытушылары жыл сайын өтетін "Рухани жаңғыру" жобасының аясында «Криминалистің үздік альбомы» атты Республикалық байқауының марапаттау салтанаты өтті. Байқауға Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті; М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Абылай Хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем тілдері Университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ,  Қонаев университеті, Туран университеті. 

Байқаудың қорытындысы бойынша марапаттау салтанатында студенттерге арнайы диплом табысталды. Атап айтқанда студенттер III дәрежелі; II дәрежелі; I дәрежелі дипломмен марапатталды. Студенттерді жеңістерімен құттықтаймыз!