МУН ГРИГОРИЙ АЛЕКСЕЕВИЧ

19 сәуір, 2024

МУН ГРИГОРИЙ АЛЕКСЕЕВИЧ

Мун Г.А. Мордовия мемлекеттік университетін (Саранск қ., 1977 ж.), М.В. Ломоносов атындағы ММУ аспирантурасын (1980 ж.) бітірген. 1979 жылдан 1983 жылға дейін М.В. Ломоносов атындағы ММУ химия факультетінде кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 1984 жылдан 1987 жылға дейін «Светотехника» НПО-да (Саранск қ.) конструкторлық-технологиялық бюроның бастығы лауазымында жұмыс істеді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 1988 жылдан бастап ҒҚ (1988 ж.), АҒҚ (1989-1991 жж.), аға оқытушы (1991-1994 жж.), химиялық физика және жоғары молекулалық қосылыстар химиясы кафедрасының доценті (1994-1996 жж.) лауазымдарында жұмыс істеді. 1996-1998 жылдары ҚазҰУ докторантурасында оқыды. Докторантураны бітіргеннен кейін доцент (1999-2001 жж.), ал 2001 жылдан – химиялық физика және жоғары молекулалық қосылыстар химиясы кафедрасының профессоры, «профессор» ғылыми атағы 2003 жылы берілді. 2005 жылдан 2010 жылға дейін химиялық физика және жоғары молекулалық қосылыстар химиясы кафедрасының меңгерушісі, 2010 жылдың тамызынан 2011 жылдың тамызына дейін коллоидтық химия және жоғары молекулалық қосылыстар химиясы кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 2011 жылдың қыркүйегінен 2014 жылдың тамызына дейін органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасыының ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар бойынша меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды. 2015 жылдан 2021 жылға дейін осы кафедраның меңгерушісі қызметін атқарды. 2022 жылдан бастап осы кафедраның профессоры. Химия ғылымдарының докторы (1999 ж.), профессор, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі (ҚР ҰИА), ҚР ҰИА Мұнай және химиялық технологиялар бөлімінің төрағасы, ҚР ҰИА Президиумының мүшесі.

Полимерлердің химиясы, физикасы және технологиясы, нанотехнология, полимерлік материалтану, композициялық материалдар, табиғи және синтетикалық физиологиялық белсенді заттар және биомедициналық мақсаттағы полимерлік материалдар саласында халықаралық деңгейде танылған ғалым. ҚР БҒМ Ғылым комитеті қаржыландыратын бірқатар табысты іске асырылған гранттық жобалардың және 3 мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалардың жетекшісі болды

Ресми тіркелген 3 ғылыми жаңалықтың (ғылыми жаңалықтар мен өнертабыстар авторларының Халықаралық академиясы), 600-ден астам ғылыми жұмыстың, оның ішінде Scopus және Web of Science базаларына енгізілген жоғары рейтингті халықаралық басылымдарда жарияланған 110-нан астам ғылыми мақаланың, ҚР 45 авторлық куәлігі мен патентінің, 17 монографияның, оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Г.А. Мунның басшылығымен 14 кандидаттық диссертация және 11 философия докторы (PhD) диссертациялары қорғалды.

Әлемдік деңгейге сәйкес келетін жоғары кәсіби біліктілік пен ғылыми-практикалық қызметтің мол тәжірибесі халықаралық жоғары рейтингті ғылыми журналдардағы көптеген жарияланымдармен расталады. Web of Science және Scopus халықаралық ақпараттық базаларының мәліметтері бойынша соңғы 15 жылда проф. Мун Г.А. интерполимерлік кешендер саласындағы ғалымдар арасында әлемде 2-ші орынды иеленеді. Қазақстанның барлық ғалымдарының ішінде ол ғалымның жаһандық ғылымға қосқан үлесін көрсететін ең жоғары Дәйексөз индекстерінің (2321) және Хирш индекстерінің (27) біріне ие.

Проф. Мун Г.А. жемісті ғылыми-педагогикалық қызметті қоғамдық жұмыстармен сәтті үйлестіреді. 2011-2013 жылдары ҚР Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамына енгізілді. 2012-2021 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да химиялық мамандықтар бойынша PhD диссертацияларын қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің төрағасы болды. 2015 жылдан бастап ол Қазақстанның «Кахак» корей ғылыми-техникалық қоғамының президенті қызметін атқарады.

 

Марапаттары:

1. Ғылым мен техниканың дамуына ерекше үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия (2006 ж., 2011 ж., 2017 ж.).

2. «ЖОО үздік оқытушысы» гранты (2006 ж., 2011 ж., 2023 ж.)

3. Академик Ш. Есенов атындағы сыйлық (2014 ж.).

4. Нобель сыйлығының лауреаты Капицаның ғылыми жаңалықтары үшін үш медаль (2008 ж., 2021 ж.).

5. Медаль «20 лет независимости Республики Казахстан» (2011 ж.).

6. «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» төсбелгісі (2014 ж.).

7.  Нагрудный знак «Почетный инженер Республики Казахстан» (2014 г.).

8. Корея Республикасы Президентінің Құрмет белгісі (2014 ж.)

9. Инженерлік Даңқ «Үлкен алтын медалі».

 

Басқа жаңалықтар