«Шет тілі, аударма ісі, халықаралық қатынастар мамандарын даярлауда ұлттық мәдени құзыреттілікті қалыптастыру жолдары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияFarabi University

«Шет тілі, аударма ісі, халықаралық қатынастар мамандарын даярлауда ұлттық мәдени құзыреттілікті қалыптастыру жолдары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

23 сәуір, 2024

 2024 жылдың 23 сәуірінде сағат 14.00-де  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультеті дипломатиялық аударма кафедрасы  ТДМ 4: Сапалы білім аясында, әл-Фараби атындағы  ҚазҰУ-нің 90 жылдығына арналған «Шет тілі, аударма ісі, халықаралық қатынастар мамандарын даярлауда ұлттық мәдени құзыреттілікті қалыптастыру жолдары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.  


 Халықаралық конференцияның мақсаты халықаралық қатынастар, шет тілдері және дипломатиялық аударма саласындағы мамандардың ұлттық-мәдени құзыреттілігін қалыптастырудың заманауи әдістерін талқылау болып табылады. 
Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына шетелдік және қазақстандық зерттеушілер, Қазақстанның, ТМД елдерінің, Францияның, Швейцарияның, Алжирдің, Грецияның, Мадагаскардың, Жапония  академиялық және сараптамалық қоғамдастығының өкілдері және т. б. қатысты.