Әбдірәсіл Алдашұлы Жәрменовтың

29 сәуір, 2024

Жәрменов Әбдірәсіл Алдашұлы (11 қаңтар 1956, Бабай-Қорған ауылы, Түркістан ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан) – «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК Бас директоры, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының екі мәрте лауреаты (2001, 2015), Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүше (1995),  академигі (2003), техника ғылымдарының докторы (1991), профессор (1994), КСРО өнертапқышы (1980), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы (2014), Түркістанның Құрметті азаматы (2006).

С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті химия факультетін бітірген, Лениндік стипендиат болды (1971-1976). 1982 жылы кандидаттық («Мысты электролиттік рафинерлеудегі ерітінділерді электродиализді қайта өңдеу»), ал 1991 жылы докторлық («Технологиялық ерітінділерден ауыспалы металдардың тұздарын алу мен бөлу әдістерін және физика-химиялық негіздерін зерттеу») диссертация қорғады. М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы біліктілікті арттыру факультетінде  (1985-1986),  US Department Labor National Mine Health and Safety Academy (Beckley, West Verginia, 2000), SABIT Environmental Technologies Mining Program, US Department of Commerce International Trade Administration (Washington D.C., 2000) бағдарламасы бойынша оқыды.

1995 жылы ҚР Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүше, 2003 жылы академигі болып сайланды. ҚР ҰҒА ОКБ төрағасының орынбасары (1991-1992), ҚР ҰҒА Вице-президенті (2006-2007, 2023), ҚР ҰҒА Геология және техникалық ғылымдар бөлімінің төрағасы, ҚР ҰҒА Бас ғалым хатшысы (2022- қазіргі уақытқа дейін).

1976 жылдан 1993 жылға дейін ҚазКСР ҒА химия-металлургия институтында жұмыс істеді, инженерден бөлім меңгерушісіне дейінгі кәсіби өсудің барлық сатыларынан өтті. 1985-1987 жылдары Е. А. Бөкетов атындағы  Қарағанды мемлекеттік университетінің аналитикалық химия кафедрасын басқарды. «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК) құрылған күнінен бастап оның басшылығында: Бас директордың бірінші орынбасары (1993-1999), Бас директор (1999 – осы уақытқа дейін) жұмыс істейді. 2019 жылдан бастап «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК жанындағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ –дың «Металдар мен минералдар технологиясы» кафедра меңгерушісі.

Ә.А. Жәрменов 1997 жылдан бастап сирек металдар, алтын, кешенді қорытпалардың жаңа түрлерін өндіруді қоса алғанда, бірқатар нысаналы бағдарламаларды орындау шеңберінде елдің тау-кен металлургия саласын дамытуды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарға ғылыми басшылық жасады. Қазақстан Республикасын үдемелі индустриалық-инновациялық дамыту жөніндегі  2010-2014 жылдарға арналған бірінші мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуге қатысты. ҮИИДМБ-ға кіретін Қазақстан Республикасының тау-кен металлургия саласын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарламасы бойынша  Қазақстан Республикасының қара және түсті металлургиясын, сирек металдар саласын дамытудың, 2015-2019 жылдарға арналған ИИДМБ-2 үшін – Қазақстан Республикасының тау-кен металлургия саласын дамытудың 2030 жылға дейінгі мастер-жоспарларын әзірлеуге басшылық жасады, Қазақстан Республикасының сирек металдар саласын құру және дамыту тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасында сирек  және сирек  жер металдар өндірісін дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірлеуге басшылық жасады.

Ә.А.Жәрменовтың жетекшілігімен: - «Балқашмед» ӨБ және «Қаргормаш» ӨБ айтарлықтай тиімділікпен жүзеге асырылған мыс тазартудың  және хромдаудың жоғары  электрмембраналық-гидролитикалық технологиясы және ғылыми негіздемесі әзірленді.

 - «ҚР МШКҚӨ ҰО»  РМК технологиялары негізінде фосфор және карбид өндірістеріне қайта құру жүргізілді, оларды  Қараадыр, Богач  кен орындарының кендерінен марганец қорытпаларын балқытуға қайта бейімдеді. Ресейдегі Челябі электрометаллургия зауытында Үшқатын кен орнынан және қазақстандық көмірден ферромарганец өндіруді,  Ақтөбе ферроқорытпа зауытында феррохромның тазартылған маркаларын өндіруді басталды.

Инновациялық қызметінің нәтижесі ретінде:

  • Жоғары сапалы радиогенді тұрақты осмий-187 изотопын өндіру бұл Қазақстанды тұрақты изотоптар өндірісі бойынша көшбасшы елдердің үштігіне шығаруға мүмкіндік берді;

- Қорғасын кектерін  өңдеу кезінде рений мен осмий-187 изотопын; көмірді жағу кезінде пайда болатын микросфералардан коррозияға төзімді композиттерді; күріш өндірісінің көп тонналық қалдықтары негізінде кремний-көміртекті композитті, азалюминийлі ферросилицийді өндіру бойынша тәжірибелік-өнеркәсіптік қондырғылар құрылды.

- Көптеген елдерде (АҚШ, Еуропалық Одақ, Оңтүстік Африка, ҚХР, Гонконг, Австралия, Жапония, Бразилия, Иран және т.б.) патенттелген болатты тотықсыздандыру, легирлеу және түрлендіру арналған «Қазақстандық»  бірегей кешенді қорытпасы жасалды. Әлемдік ірі компаниялардың (ThyssenKrupp, POSCO, Colacogly, BaoSteel, Kobe Steel, Nippon Steel) болат балқыту өндірістерінде қорытпаны сәтті сынақтан өткізгеннен кейін,  әртүрлі континенттерде ірі тоннажды өндірістерді құру жобалары әзірленді және іске асырылуда.

- Әзірленген технология негізінде таза кристалды кремний,  жоғарыреакциялы көміртекті тотықсыздандырғыштардың жаңа буынын алу үшін ферроқорытпа және фосфор өндірістеріне арналған күлділігі төмен арнайы кокс шығару өндірісі ұйымдастырылды.

- «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Қазхром «ТҰК» АҚ, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «Қазмырыш» ЖШС-ға  берілетін  отандық отқа төзімді материалдарды үлкен  номенклатурасын шығаратын  өнеркәсіп құрылды  және игерілді.

ҚХР-дағы екі жаңа зауыт (2018-2019) жобалық қуаттылығына шығарыла отырып (2013-2014) пайдалануға берілді,  КИВЦЭТ-процесін және қорғасынқұрамды  шикізатты  өңдеуге арналған тиісті агрегатты пайдаланудың лицензиялық шарттар негізінде Италияда КИВЦЭТ-ті  Portovesme қондырғысы жаңартылды. КИВЦЭТ қондырғылары Канадада, Италияда, ҚХР-да жұмыс істейді, жыл сайын әлемдік біріншілік (қара) қорғасын өндірісі өндіретін  металдың он бөлігін (420 мың тонна) балқытады.

Әзірленген жұмыс жобасы бойынша Қызылорда облысында күкірт қышқылы зауыты іске қосылды. Үймелі шаймалау қондырғыларының 20-дан астамы,  Өскемен, Семей және Степногорск қалаларында ДОРЕ зауыттары, «Варваринское» ЖАҚ алтын мыс өңдеу зауыты, әзірленген технологиялары негізінде Ақбақай, Пустынное  кен орындарының  қиынбайытылатын алтынқұрамды  кендерді өңдеуге АӨФ,   әзірленген жұмыс жобасы бойынша Астанада аффинаж зауыты салынды және пайдалануға берілді. Сондай-ақ «Алтын технологиялар»  Қырғызстанда, Өзбекстанда, ҚХР-дағы алтын өндіру фабрикаларына  да енгізілді. Аяқ-Қожан, Ақтоғай, Алмалы кенорындарында, Қоңырат үйінділерінде жиынтық өнімділігі жылына 50 мың тоннадан астам катодты мыс өндіретін және өткізу көлемі жылына $350 млн-ға дейін жететін төмен сұрыпты мысқұрамды шикізатты өңдеудің құрамдастырылған байыту-гидрометаллургиялық технологиялары жүзеге асырылды. Әзірленген технологиялық регламенттер бойынша шикізат өнімділігі жылына 25 және 5 млн. тонна болатын Бозшакөл сульфидті және каолинделген кендерін өңдейтін 2 байыту фабрикасы іске қосылды.

«Kazakhmys Progress (Қазақмыс Прогресс)» ЖШС-де әзірленген жұмыс жобасы бойынша селенді тазарту учаскесі және Балқаш мыс балқыту зауытының бағалыметалды шлактарын  тотықсыздандырып  электр балқытудың бірегей инновациялық технологиясы бойынша қайта өңдеу учаскесі іске қосылды.

            Академик Ә. А. Жәрменов үнемі қазақстан ғылымын елімізде және шетелде кеңінен насихаттаумен  айналысады. Оның белсенді қатысуымен Қазақстанда алғаш рет тау-кен жұмыстарын жоспарлау және MPES-2011 жабдықтарын таңдау жөніндегі халықаралық симпозиум, Дүниежүзілік тау-кен конгресі, ТМД елдерінде тұңғыш рет infacon XIII "ferroalloy fustry Efficient technologies in ferroalloy конгustry"13-ші Дүниежүзілік ферроқорытпа конгресі өткізілді.

   Оның  белсенді қатысуымен Қазақстанда алғаш рет MPES-2011 тау-кен жұмыстарын жоспарлау және жабдықтарды таңдау жөніндегі халықаралық симпозиум, INFACON XIII «Efficient technologies in ferroalloy industry» ферроқорытпашылардың он үшінші дүниежүзілік конгресі, Дүниежүзілік тау-кен конгресі ұйымдастырылды.  Аталған форумдардың жұмысына 30-дан астам елден жүздеген шетелдік ғалымдар мен мамандар қатысты. ASTANA MINING & METALLURGY халықаралық конгресін өткізудің алғашқы күндерінен бастап сол форматтағы тақырыптық дөңгелек үстелдердің дайындығы мен өткізілуіне басшылық жасады. Ә. А. Жәрменовтың жетекшілігімен «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК мен оның институттары әлемдегі ең ірі металлургиялық - ThyssenKrupp (Германия), POSCO (Корея Республикасы), Baosteel Group Corp, Sinosteel Corp., Zhuzhou Smelter Group Co. Ltd, Jiangxi Copper Corporation (ҚХР), Teck Cominco (Канада), Portovesme s.r.L., Snamprogetti S. p.A. (Италия), Campine n.v. (Бельгия), ArselorMittal (ҚР); жабдық өндіруші - SMS Siemag AG (Германия), JinZhou Tian Sheng Heavy Industry Co. (ҚХР); HANWA Corp. (Жапония); Халықаралық патенттік ведомстволар-Patev Associates GmbH (Германия) компанияларымен кең көлемде  халықаралық ынтымақтастығы жолға қойылған.

Жарменов А. А. 500-ден астам ғылыми еңбектердің, оның ішінде  «Қазақстанның минералдық шикізатын кешенді  өңдеу» (1-ші, 2-ші толықтырылған басылым) 10 томдық монографияны  қоса алғанда  15 жинақтың, монографияның, оқу құралдарының, 170-тен астам қорғау құжаттарының (патенттер мен авторлық куәліктердің), оның ішінде Еуропалық Одақ, АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, Австралия, ҚХР және т.б. авторы. Үнемі  ғылыми кадрларды даярлаумен және жастарды ғылымға тартумен  айналысады. 8 ғылым кандидатын, 3 PhD және 5 ғылым докторын дайындады. Қазіргі уақытта  «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК жанындағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Металдар мен минералдар технологиясы» кафедрасын басқарады.

Ә.А.Жәрменов  екі мәрте ҚР Мемлекеттік сыйлығына «Әлемдік деңгейге сәйкес келетін: ферросиликоалюминий (әлемде алғаш рет) және күкірт қышқылының таза сорттарын шығара отырып, техногендік шикізатты қайта өңдеу жөніндегі технологияларды әзірлеу және өндірістерді ұйымдастыру» (2001) және «Елдің инновациялық дамуына айтарлықтай үлес қосқан және Қазақстанның әлемдік технологиялар нарығындағы беделін көтергендер қорғасын мен алтын металлургиясы саласындағы елеулі  әзірлемелерді өнеркәсіпте жүзеге  асырған» (2015) жұмыс циклдері бойынша ие болды.

Ол сондай-ақ «Тарлан» (2003), академиктер Е.А. Бөкетов (2005) және У. А. Жолдасбеков (2011) атындағы сыйлық иегері,  КСРО өнертапқышы (1980), ҚР Еңбек сіңірген өнертапқышы (2014), Түркістанның Құрметті азаматы (2006). «Парасат» (2022) және «Құрмет» (2000) ордендерімен, «10 жыл Астана» (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016)  мерейтойлық медальдарымен марапатталған. «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» төсбелгісімен (2001), Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы ҚазҰЖҒА алтын медалімен марапатталған (2011),  Петра Капица атындағы алтын медельмен (2020), Халықаралық Ғылым академиялары қауымдастығының грамотасымен (2022) марапатталған.

Басқа жаңалықтар